Өлең, жыр, ақындар

Шымылдықты қою мақпал сырғып түн

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 288
Шымылдықты қою мақпал сырғып түн,
Қан жүгірді тамырына тірліктің.
Ояу едім, сол жарыққа бөленіп,
Атар таңнан әлдеқандай сыр күттім.
Серік болып аспандағы шар айға,
Шолпан туды, жарық төгіп маңайға.
Ояу едім, сол жарыққа бөленіп,
Беріліп шын еріп кеттім сан ойға.
Өмірімнің шолып өткен түрлі ізін,
Ұзатам мен өз көзіммен түн қызын.
Әлсіретіп біртін-біртін сәулесін,
Кішірейіп бара жатыр жұлдызым.
Бір түн өтіп, бір күн келді қиялдай,
Бар қызуын жер бетіне құярдай.
Құстар біткен жырлап жатты тынымсыз,
Таң шолпанын батып кеткен қия алмай.
Тербеп мені Шолпан-Айдай қос үміт,
Бозғылт таңда кірпіктерім жас іліп.
Жоқтап тұрды таң Шолпанын бір көктен,
Менің көңлім сол құстарға қосылып...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дауыл сезген бауырынан қыранның

  • 0
  • 0

Дауыл сезген бауырынан қыранның,
Көбелектей «балапан қыз» болды ұмыт.
Елегізген әуеніне бір әннің,
Қабағына қоңыр таудың қонды бұлт.

Толық

Қанатсыз қалсам...

  • 0
  • 0

Таулардан құлағанда ағарып таң,
Күйімді қабағымнан қарап ұққан.
Қайда жүр, бала кезгі құбыларым,
Арқалап өткізетін мені арықтан.

Толық

Кездеспедім неге өзіңмен ертерек

  • 0
  • 0

Кездеспедім неге өзіңмен ертерек
Көкірегімді өкініштен өртеді от.
Ай астында оңашада шертіп сыр,
Отырар ем мен алдыңда еркелеп.

Толық

Қарап көріңіз