Өлең, жыр, ақындар

Кездеспедім неге өзіңмен ертерек

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 601
Кездеспедім неге өзіңмен ертерек
Көкірегімді өкініштен өртеді от.
Ай астында оңашада шертіп сыр,
Отырар ем мен алдыңда еркелеп.
Отырар ем мен алдыңда еркелеп,
Асықпашы, кетуге әлі ерте деп.
Өкінемін ішім қайнап сол үшін,
Неге өзіңмен кездеспедім ертерек?
Өкінемін сол бір сенсіз күнге өткен,
Ойсыз-сырсыз ұзап кеткен дүрмекпен.
Өміріне өмір қосып ғашықтың,
Неге тоқтай тұрмайды екен бұл көктем?..
Күзде мынау тіл қату да мұң болар,
Жапырақтан жалт-жұлт етіп сырғалар.
Жалғап біздің арамызды тым алыс,
Неге қайтып оралмайды тырналар?
Әлде бәрі бос қиял мен бос үміт,
Сендік сезім жүрсем отын өшіріп.
Бір сен үшін неге жас боп қалмадым,
Неге сені кездестірдім кешігіп?..
Сенсіз маған сұрғылт дүние, тұман күн,
Тұманда бір жол таба алмай тұрармын.
Қанша өмір сүргеніме өзіңсіз,
Білсең, жаным, жазықты емес шығармын..
Сен түсінсең, өтті уақыт демеспін,
Саған бүтін, жатқа жай бір елеспін.
Сүю деген – жүрек дерті, сол дертке
Сен төзбесең, мен төзе алар емеспін...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ойға батып... батпадың тек, күнәға

  • 0
  • 0

Ойға батып... батпадың тек, күнәға,
Көк аспандай көңілде кек тұра ма?
Адамдағы мейірім жер бетінен –
Бірге көшіп өзіңмен кетті ме, аға?

Толық

Батыр қызға

  • 0
  • 0

Жер жүрегін жүрекпен тыңдап алып,
Емін-еркін жуынып, күнге жарық.
Жеңіс күнге арнап көп гүлдер тердім,
Мен сен үшін, Әлия, қырға барып.

Толық

Түнгі ай

  • 0
  • 0

Түн қабағы ұқсайды ашулы ерге,
Ару дүние дірілдер,
Баяу ағап.
Жасыл аспан ұйыған жасыл көлге,

Толық

Қарап көріңіз