Өлең, жыр, ақындар

Қанатсыз қалсам...

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 359
Таулардан құлағанда ағарып таң,
Күйімді қабағымнан қарап ұққан.
Қайда жүр, бала кезгі құбыларым,
Арқалап өткізетін мені арықтан.
Есімде, құлама жар, қоңыр ауылым,
Ауылдан арман алдым, өмір алдым.
Жүрегім, лүпілдейтін асыққандай,
Қосылып дауысына қоңыраудың.
Ұйқымнан оятатын анашым кеп,
(Сабақтан, тезірек тұр, қаласың деп)
Жастық шақ, бала құбым қайда кетті,
Жанымда жүретұғын жанашыр боп...
Тамсанып тыңдайтұғын бұбұл әнін,
Бөліп ап кетті-ау бәрін тірлік, ағын.
Жүре алмай қалғанымда, үйге мені –
Көтеріп әкелетін құрбыларым.
Арасы екі ауылдың белгілі еді,
Тағдырың «белгісізге» көндіреді.
Өмірдің өзенінен, құрбылар жоқ,
Көтеріп өткізетін енді мені.
Тұрғандай, бір биіктен анам қарап,
Уақыт жалынымды алар тонап.
Өмірдің аласапыран дариясынан
Барады енді мені жер арқалап.
Барды енді мені ел арқалап.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қабылдайсың, өзіңше дұрыс бәрін

  • 0
  • 0

Қабылдайсың, өзіңше дұрыс бәрін,
Таныс маған, құрысын, тырысқаның.
«Жапырақтар жел соқса ұрысады»,
Дегеніңе не дермін, «ұрысқағым»...

Толық

Қайда күндер? Бір түрлі тым-тырыспын

  • 0
  • 0

Қайда күндер? Бір түрлі тым-тырыспын.
Таратады кім келіп бұлтын іштің?
Жанға батып барады болмағаны
Бойымда бір шабытты бұлқыныстың.

Толық

Мен сені іздеп тапқанша көп адастым

  • 0
  • 0

Мен сені іздеп тапқанша көп адастым,
Күйін кешіп, ұрыншақ, шала мастың.
Бар еріктен айырып, оттай жанған,
Жүрегімді көкпар ғып ала қаштың.

Толық

Қарап көріңіз