Өлең, жыр, ақындар

Үмітіңді өмірден үзбе, күнім

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 220
Үмітіңді өмірден үзбе, күнім,
Ұмытылған қырлардың ізде гүлін.
Көктем болып жүрсең сен, көздеріңе
Көрінбей ме құлпырып күзгі өңірің.
Кешім батса, таңдарым баяу атып,
Ақ сезімді тербетіп, аялатып.
Ертеменен шырылдап, шырт ұйқыдан
Құстар әні алады мені оятып.
Жайқалады көз тартып түзде гүлім,
Жеткендей бір көп жасап, жүзге өмірім.
Ертеменен мектепке дайындалған
Мені оятып алады қыз бен ұлым.
Өмір сыйлап таңдағы гүлге мынау,
Көзін ашқан дүние – бір керім-ау!
Мені оятып алуға ертеменен
Аспанымнан соғып тұр бір – қоңырау.
Ақ гүлдерім ақ таңға еркелеген,
Көкірегімді күйменен өртеп өлең.
Тіршілікті шуақпен емізуге
Күнмен бірге оянам ертеменен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жазылады қашан, қалай соңғы өлең,

  • 0
  • 0

Жазылады қашан, қалай соңғы өлең,
Ескі достың шамына ұқсап сөнбеген.
Жапырақтың көзіндегі тамшыдай
Жер-анаға сіңіп жатыр шөлдеген...

Толық

Көздеріңнен ұшқын түсті, өртендім

  • 0
  • 0

Көздеріңнен ұшқын түсті, өртендім,
Оңашада ес жия алмай дерт емдім.
Қос қанатым болса, ұшып жетер ем,
Болжай алмай не боларын ертеңнің.

Толық

Көп нәрсенің керегі жоқ маған, шын

  • 0
  • 0

Көп нәрсенің керегі жоқ маған, шын,
Біреу күліп, бәлкім біреу тағар сын.
Қызғаныштан тарылып бір қараймай,
Адамзаттың көңілі сүттей ағарсын.

Толық

Қарап көріңіз