Өлең, жыр, ақындар

Жазылады қашан, қалай соңғы өлең,

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 300
Жазылады қашан, қалай соңғы өлең,
Ескі достың шамына ұқсап сөнбеген.
Жапырақтың көзіндегі тамшыдай
Жер-анаға сіңіп жатыр шөлдеген...
Сөз болып па, қойшы дерсің, сол-дағы,
Бүгінгі күн толғандырып толғағы.
Сырға толы соңғы өлеңнің жолындай,
Құлағымда қалды аққудың соңғы әні...
Дария болсам туған елім болды арман,
Толқындардай толқын өрсем жолдардан.
Жыр боп шықпай, жас боп шығар көзімнен
Кеудемдегі соңғы үміт, соңғы арман.
Соңғы жапырақ ұшып, қайда қонады,
Көктем келер табиғаттың қонағы.
Қайтқан құстың қанатындай күз деген
Соңғы көштің, жүгі ауырлау болады...
Әкелерден бізге мұра жол қалған,
Әкелер ғой ұрпағы үшін толғанған.
Соңғы өлеңге түседі екен соңғы күш,
Тіршіліктің тынысындай соңғы алған...
Кезегімен келеді өмір, бұл бір сын,
Аспанымда жарығы ортақ күн күлсін.
Соңғы армандай соңғы өлеңім дегенім –
Ең алғашқы жырым болар, кім білсін!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Білсең, маған жел емес, дауыл керек

  • 0
  • 0

Білсең, маған жел емес, дауыл керек,
Дауыл ұлын тербетер тауым бөлеп.
Бағынбастан өзінше өмір сүрер,
Қоныстанып тәнімнен жаным бөлек.

Толық

Мен сені, ойлап, іштей сүйген едім

  • 0
  • 0

Мен сені, ойлап, іштей сүйген едім,
Күйген ерін... біртүрлі күйге енемін.
Сыртыңнан ғашық болып, кездескенде,
Көзіңе қарай алмай, именемін.

Толық

Менің даусым

  • 0
  • 0

Жаңбырын, ақ шуағын құйып кеуде,
Жыр бағын сыйға тартсам сүйікті елге.
Сол бақтан үнім тарап кеңістікке,
Дауысым жетсе менің биіктерге!

Толық

Қарап көріңіз