Өлең, жыр, ақындар

Көп нәрсенің керегі жоқ маған, шын

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 481
Көп нәрсенің керегі жоқ маған, шын,
Біреу күліп, бәлкім біреу тағар сын.
Қызғаныштан тарылып бір қараймай,
Адамзаттың көңілі сүттей ағарсын.
Тірлігіме талшық болып түйір дән,
Несібемді теріп жермін бұйырған.
Өз керегім, өз жерімнен табылса,
Қаңғырмаймын, бақыт іздеп қиырдан.
Кенде қалып пендеге тән «құрметтен»,
Бүлік отын жүрген жоқпын үрлеп мен.
Құрсаулаған құрсын қоғам, жазықсыз,
Туған ұлға туған жерін түрме еткен...
Армансызбын тартып өтсем жыр көшін,
Жыр көшінде отымды уақыт үрлесін.
Көкірегінің көретұғын көзі бар,
Болса, жетер, шыңға балар бір досым.
Жанымды сөз сәулесімен емдедім,
(Өзгеге емес, өзіме-өзім сенгемін)
Көп нәрсенің керегі жоқ, дегенмен,
Жоқ нәрсені іздейтұғын пендемін.
Пендеге тән тіршілікке шөлдедім,
Шөлдеп, тағдыр тәлкегіне көнгемін.
Менің нәзік дауысым қырға жетпесе,
Кімге керек, өнгенім мен өлгенім.
Дүние кезек... өтеді де кетеді,
Шексіздіктің үнсіздік боп мекені.
Көп нәрсенің керегі жоқ, басыма,
Тұнық ауа, жер, Күн болса, жетеді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақбоз ат мінген бозбала дүние

  • 0
  • 0

Ән салып тұрды
Ақбоз ат мінген бозбала дүние түсімде,
Айналып арман мүсінге.
Ән салып тұрды ертедегі батырдай

Толық

Менің даусым

  • 0
  • 0

Жаңбырын, ақ шуағын құйып кеуде,
Жыр бағын сыйға тартсам сүйікті елге.
Сол бақтан үнім тарап кеңістікке,
Дауысым жетсе менің биіктерге!

Толық

Анаң сенің болады қатал қашан

  • 0
  • 0

Анаң сенің болады қатал қашан,
Ант берерсің күніне Отанға сан.
Мазам кетіп бір түрлі алаңдаймын,
Аптасына бір рет хат алмасам.

Толық

Қарап көріңіз