Өлең, жыр, ақындар

Көкжиекке күн батты байып қарап

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 480
Көкжиекке күн батты байып қарап,
Алтын шашын аспанға шайып тарап.
Гүл көбелек ұша алмай жолда жатыр,
Жапырақтай дәрменсіз жайып қанат...
Қанаттары секілді күн жібегі,
Көбелекті кім ойлап, кім жүдеді?
Үсіп түскен суықтан, ұшып түскен
Жол үстінде жатқандай гүл жүрегі...
Қия алмастан көктем мен жазды мына,
Күзгі лептен косыппын саз жырыма.
Жерден де ауыр ой салған көбелегім,
Өкпелеген өмірдің аздығына...
Құшағына оранған дала күздің,
Өміріне өзек боп сан аңыздың.
Алып-ұшқан сезімі алдап кеткен
Жүрегі ме ең кешегі бала қыздың...
Бұдан әрі толғанып не демекпін,
Өміріңді қас қағым өлең еттім.
Қаталдығын уақыттың көтере алмай,
Желмен ұшып жер құшқан көбелек гүл.
Көбелек гүл көктемге көрік болған,
Сәттеріңді аяймын солып тоңған.
Әлде көріп тұрмын ба мен өзімнің
Жүрегімді жолыңда өліп қалған...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жел еседі

  • 0
  • 0

Сайын белді сапырып жел еседі,
Өршеленіп, өрекпіп егеседі.
Аспаннан айдап келген қара бұлттай,
Шақырып бермейді екен неге сені?..

Толық

Жұрт сыйлар жоқ мансабым, жоқ беделім

  • 0
  • 0

Жұрт сыйлар жоқ мансабым, жоқ беделім,
Талайды өкпелеттім, өкпеледім.
Ешкімге бақыт болып келмесем де,
Ешкімді сорлы етпесем деп келемін.

Толық

Білем, сенің алыста ғой арманың

  • 0
  • 0

Білем, сенің алыста ғой арманың,
Жетпес көңіл сарайыңа зарлы әнім.
Жүзтанысты жол үстіне қалдырып –
Ұмыта бер, ұмытшағым бәр-бәрін.

Толық

Қарап көріңіз