Өлең, жыр, ақындар

Жас ақынға жауап

  • 14.09.2021
  • 0
  • 0
  • 279
Ақын әпке, жанға жақын жырларың,
Сендей болар кеуде соққан бір дарын.
Өзгелерге насихаттап өзіңді,
Неге үй алып, астанада тұрмадың?..
Бұрыннан-ақ өз мінімді білуші ем,
Күлетүғын ағайын көп сүрінсем.
Бұл ақылды айтпай маған ертерек,
Бұған дейін қайда жүрдің, інім, сен?
Дала менен қалаға ортақ ақ аспан,
Ақ аспаннан күнім көзін жаңа ашқан.
Тірлігімді есеппенен жоспарлап,
Жыр гүлімді баптамаппын о бастан.
Өзге емес, ойлайды әркім өз бағын,
(Енесі өлген бота болып боздадым).
Жұрт көрмеген беті жабық жараны
Ей, бауырым, несіне кеп қозғадың?
Жылдар желі іздеріме күл себер,
(Өмірге кеп кеткеніме кім сенер?)
Жазықтымын, қамқоры жоқ ортадан
Жырым шеттеп, жетімсіреп жүрсе егер...
Жанды қинар әлсін-әлсін сол кейде,
Ақындардың барлығы, рас, мендей ме?
Тірлігімнің арқасында өлеңім
Өмір сүріп, өлсем бірге өлмей ме?..
Өтіп жатыр менсіз көп той, көп қызық,
Көп оқушым үміттерін кетті үзіп.
Жүгіруге ұяламын, жар салып,
Өзімді-өзім өтпес жерден өткізіп...
Біліп жез бен айырмасын асылдың,
Ұққан кез ғой, мәңгілігін ғасырдың.
Уақыттың өзі үгіттеп жүр елге
Мұраларын Ілияс пен Қасымның!..
Керегі жоқ өміріме «картаның»,
Арман-үміт алып келер әр таңым.
Арттырғым кеп өлеңімнің қадірін,
Қадірімді кетіруден қорқамын!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жеңіс жыры

  • 0
  • 0

Онда мен үш жастамын,
Ол бір күн сендерге аян, тұстастарым.
Аңыраған әнімен аналардың,
Аударылып қанша рет түсті аспаным!

Толық

Бер маған не күніңді, не түніңді

  • 0
  • 0

Бер маған не күніңді, не түніңді,
Барымен не жылауды, не күлуді.
Талғамай өткізейін таразыдан,
Осынау жақсы, жаман екі ұғымды.

Толық

Жел болып маңдайымнан неге еспедің

  • 0
  • 0

Жел болып маңдайымнан неге еспедің,
Неге еспедің, айналды елеске мұң.
Көздерім суретіңе жиек болып,
Ұзақ түн ұйқым келер емес менің.

Толық

Қарап көріңіз