Өлең, жыр, ақындар

Нұрғиса

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 257
Құстар қайтып барады, көлге сән берер,
“Аққу күйі” - өлмейтұғын мәңгі өнер.
Сыңғыр-сұлу жарық дүние ішке еніп,
Күннен өрген ән салғандай сәулелер.
Келер ғасыр қақпаларын көшке ашып,
Сырлы сазбен арман дүние астасып.
“Құстар, құстар” қанат қағып жұлдызға –
Бара жатыр жер бетімен қоштасып...
Арыла алмай көңілімнен бір күмән,
Қарап қалам, қайтқан құстың сыртынан.
Көз алдымнан “көшкен жұртты” қия алмай –
Қол бұлғаймын көк аспанға “жұртынан”.
Өмір теңіз, толқын әуен, жан-жағың,
Қара жерге қауырсындай салмағың.
Нұрлы дүние құлағында Нұраға,
Қызыл жасыл шұғылалы қалды әнің.
“Бір-біріне – адам деген бір қонақ”,
Әуен-сазсыз қаға алмайды жыр қанат.
Асықтың ба, әлде Жамбыл “тәтеңе”,
Туған елді күміс үнді нұрға орап.
Әнің барда көрмес көңіл жетімдік,
Әнсіз тірлік, болар еді не тірлік?
Өмір-өзен, қос жағасын жалғадың,
Домбыраның қос ішегін көпір ғып...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұнап жүріп, қалдың маған ұнамай

  • 0
  • 0

Ұнап жүріп, қалдың маған ұнамай,
Сыр алдырдың сынға неге шыдамай.
Жүректегі қиын сөзді қалайша
Тіліңменен айтып қойдың тым оңай?..

Толық

Кездеспедім неге өзіңмен ертерек

  • 0
  • 0

Кездеспедім неге өзіңмен ертерек
Көкірегімді өкініштен өртеді от.
Ай астында оңашада шертіп сыр,
Отырар ем мен алдыңда еркелеп.

Толық

Тамсанам мына өмірді жаңа танып

  • 0
  • 0

Тамсанам мына өмірді жаңа танып,
Қиялым қанатты үннен қанат алып.
Кеткендей қас қағымдық көзіме бір
Жаңбырдың тамшысымен әуе тамып...

Толық

Қарап көріңіз