Өлең, жыр, ақындар

Ұнап жүріп, қалдың маған ұнамай

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 475
Ұнап жүріп, қалдың маған ұнамай,
Сыр алдырдың сынға неге шыдамай.
Жүректегі қиын сөзді қалайша
Тіліңменен айтып қойдың тым оңай?..
Ұнап жүріп, ұнамадың сен маған,
Сен емессің мені алғашқы алдаған.
Жаттап алып ыстық сөзді айтқанмен,
Сүйе алмайды салқын жүрек жанбаған.
Сүйе алмайды салқын жүрек жанбаған,
Ұсынба отсыз жүрегіңді сен маған.
Екеуміздің екі басқа жолымыз
Өмірдегі, көңілдегі таңдаған.
Мен сүйемін сүйсем жүрек өртімен,
Жолдары ауыр азабымен, дертімен.
Алдап-арбап, қорыққаннан емес бір,
Шын ғашықтық тумай ма өз еркімен.
Көңілімді қойдың лезде-ақ қалдырып,
Сөніп қалды кешке жетпей таңғы үміт.
Көрінетін еді ғашық көзіме
Дүниенің бәрі өзгеріп, жаңғырып...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қылығына сырттай налып

  • 0
  • 0

Қылығына сырттай налып,
«Сұлуыңа» сене көрме.
Аймалар ма ем, бұлтқа айналып,
Шыңға айналсаң сен егерде.

Толық

Әншінің алса «ажал» тәнін алды

  • 0
  • 0

Әншінің алса «ажал» тәнін алды,
Әуелеп ақ аспанда әні қалды.
Көгеріп, тамырланып жайқалады,
Өмірде өнердің жас дәні мәңгі.

Толық

Отан

  • 0
  • 0

Адаммын, тірімін бұл күнде,
Қуаныш сазы бар күлкімде.
Жанымда жазы бар дәуірдің,
Келмейді тәңірге табынғым,

Толық

Қарап көріңіз