Өлең, жыр, ақындар

Бола алмайсың ештеңеге енді алаң

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 237
Бола алмайсың ештеңеге енді алаң,
Алаң болған ел де аман, мен де аман.
Өмірде бір кездеспейтін «пәктік» деп
Қорғап, аяап қараушы едің сен маған.
Ту сыртымнан қадап қанжар көздерін,
Қарағанын қаламаушы ең өзгенің.
Ақ гүліңнің, пәктігіңнің сен бірақ,
Түтін жұтып, тез кірлерін сезбедің.
Жаңбыр жаспен жуып кірді, гүлдедім,
Өкінішпен өтті айларым, күндерім.
Үлбіретіп қарағанмен, сені аяп,
Өзгелердің аямасын білмедің...
Білмеген соң, бала қиял, өшті үміт,
(Қайда қалды, шыт көйлегім ескіріп).
Көктем келіп, о. Қаншама қыс түсті,
Көк аспаннан керуен тартып көшті бұлт.
Көкірегімнен көшіп өмір, көшті бұлт,
Бұлт ішінен сенің даусың естіліп.
Қатты жапқан қақпамды жүз айналып,
Түні бойы қысқы боран есті, ұлып...
Қар үстінде қарлығатын болды үнім,
Көтере алмай өмір жүгін, жол жүгін.
Басыңа кеп қатып қалған тамшыдай,
Таңға ғашық, үлбіреген сол гүлің.
Сарғыш тартқан, аққу жүрек, ақ гүлің,
Тіршілікте тонатып ап шаттығын.
Есіме бір түсіргендей тәубамды,
Соңындағы жоқтаушы ұлың, «пәктігің»...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бұлбұл сыры

  • 0
  • 0

Білмеймін, не сыйлайды тағдыр-бүркіт,
Жанары жапырақтың жаңбыр бүркіп.
Қуанып шыққанына таңғы күннің,
Сайраймын сазды әнімді сан құбылтып.

Толық

Зымырап барады өтіп, өмір, уақыт

  • 0
  • 0

Зымырап барады өтіп, өмір, уақыт.
Толқынға толқындарды жамыратып.
Бәйгеге түсіп озған ақбоз аттай,
Жағаға жатыр теңіз көбік атып.

Толық

Күзгі сыр

  • 0
  • 0

Көңіл тұман...
арасына ай батқан,
Тірі жан жоқ. Тіл қататын аймақтан.
Тереземе құлап түсті қураған,

Толық

Қарап көріңіз