Өлең, жыр, ақындар

Күзгі сыр

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 202
Көңіл тұман...
арасына ай батқан,
Тірі жан жоқ. Тіл қататын аймақтан.
Тереземе құлап түсті қураған,
Күздің сары жапырағы қай жақтан?
Ұшты ма екен?
Қанатымен тілеп түн,
Суретіне ұқсап жалғыз жүректің.
Жапырақты сол, дір-дір еткен желменен
Көрген сәтте өз-өзімнен дір еттім.
«Әсемдікке арнап өлең, арнайды ән»,
Деп мен жайлы арылмаған арлы ойдан.
Қолы жетпей аспандағы бір жігіт
Лақтырды ма, сағынышын сарғайған?
Сыр моншағын шашып алдым көп күліп,
Үлбіреген гүл қауызын төкті үміт.
Қарай-қарай ұзатты ма көктемді,
Жапырақты көз отымен кептіріп.
Сезіміне тізігін салып тектілік.
Неге маған келмей қойды бақ күліп,
Көкірегімнен өзен болып ақты үміт.
Аспаннан ол, жапырақтай жүрегін,
Қарап тұр ма? әйнегіме лақтырып?
Белгісіздеу болды жұмбақ, бұл бір сын,
Сағынышым, сағым жолын сындырсын.
Маған құдай қыстың таяп қалғанын,
Білдіргені болар, мүмкін кім білсін?...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қанатсыз қалсам...

  • 0
  • 0

Таулардан құлағанда ағарып таң,
Күйімді қабағымнан қарап ұққан.
Қайда жүр, бала кезгі құбыларым,
Арқалап өткізетін мені арықтан.

Толық

Балапан

  • 0
  • 0

Жабылып кейде ашылар,
Бейне бір аспан алақан.
Ұшам деп қашан асығар,
Биікке сонау балапан.

Толық

Орын жоқ, жайсыз болсам, маған жайлы

  • 0
  • 0

Орын жоқ, жайсыз болсам, маған жайлы,
Суық жан, ыстық жерді таба алмайды.
Егерде жан дүнием қара болса,
Ақ жаулық салғанмен ол ағармайды...

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар