Өлең, жыр, ақындар

Бұлбұл сыры

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 235
Білмеймін, не сыйлайды тағдыр-бүркіт,
Жанары жапырақтың жаңбыр бүркіп.
Қуанып шыққанына таңғы күннің,
Сайраймын сазды әнімді сан құбылтып.
Дүние күңгірт тартар жырсыз маған,
Тыңдайды дауысымды тілсіз далам.
Мұңайып батқанына кешкі күннің,
Жамылып жасыл бақты үнсіз қалам.
Білмеймін, әлде қонып, әлде ұшамын,
Арналар жаратқанға алғыс әнім.
Ән салып тұрған сәтім, Күнім шығып
Сәулелі ең бақытты таңғы шағым.
Оятам әнімменен, қалғыса кім,
Көктегі сөнбесе екен мәңгі шамым.
Бұл бастан бұбұл дүние көшер ме екен
Ән салған жасыл көктем, сәнді шағым.
Сезімнің орнын басар қиял ақыл,
Өртеніп бататындай ұяға күн.
Жазығым жасырынып ән салғаным,
Жоқ басқа тіршілікке қиянатым.
Көрсем деп дүниені күлімдеген,
Таң күтіп, кірпіктерім ілінбеген.
Еркіммен бұбұл дүние әнін салып
Кәдімгі бозторғайдың күнін көрем.
Тірліксіз дүние беті әрі аунаған,
Жарық күн, «ән салшы» деп қарар маған.
Жүрегі көкірегінде ән сап соғар,
Бұлбұлмын, жауыздыққа жаралмаған.
Тұншығам, жатса жерді жайлап тұман,
Дәрменсіз тағдырымды ойлап тынам.
Қуанып шыққанына таңғы күннің
Жамылып жапырақты сайрап тұрам.
Баянсыз бақытымды тойлап тұрам.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қандай сыр шерттің маған түсінбедім

  • 0
  • 0

Қандай сыр шерттің маған түсінбедім,
Таниды сұлулықтың құсын көңіл.
Күй өріп батар күннің шапағымен
Шапақпен бір мүсінді мүсіндедің.

Толық

Кешкі биде

  • 0
  • 0

Вальс әні, кетті бірден тартылып,
Кеңейгендей күй сазымен тар клуб.
Шыр айналып дөңгелеп жүр құрбылар,
Жүздерінде нұр арайлы таң күліп.

Толық

Орыс тілі

  • 0
  • 0

Табысып біртін-біртін жан-жүрегім,
Досыма айналдың сен мәңгі менің.
Кеңейтіп барасың сен күннен-күнге,
Көгілдір өмірімнің көкжиегін.

Толық

Қарап көріңіз