Өлең, жыр, ақындар

Мені іздеп келеді, деп күттім көп

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 430
Мені іздеп келеді, деп күттім көп,
Күз де келді... кірпігімнен шық гүлдеп.
Көптен бері көргім келмей ешкімді,
Қалып қалдым, тіршілікке тұтқын боп,
Ән салмайды, әрбір үнді құс тыңдап,
Күн батты ма, бойындағы күшті ұрлап.
Жапырақтар, сынығындай түнгі айдың
Жерге қарай ұшып жатыр ұшқындап.
Жұтып бүршік үмітімді тал, қайың,
Алдап кетті... жұбата алмай таңғы айым.
Көкжиек көз қараңғыға шым батып,
Қара тасқа соғылғандай маңдайым.
Жалғызсырап, айлар бойы ауырдым,
Еш дерексіз өтті бастан ауыр күн.
Сені ойламай, тыным таптым, кім білсін,
Тыныштық па?
Алдындағы дауылдың?...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бір ғашыққа

  • 0
  • 0

Ежелден бір жігіттің сөзі қанық,
Жазады-ау ақ қағазды өрнектеп-ақ.
Шалғайда шала-жансар өзі қалып,
Жүрегін жібереді конвертке орап.

Толық

Сарғайып жатты көк белдер

  • 0
  • 0

Сарғайып жатты көк белдер,
Сарғайып келді көктемдер.
Сарғайып хаттар жазады,
Ауылдан сонда кеткендер.

Толық

Түспейді сәуле күн жақтан

  • 0
  • 0

Түспейді сәуле күн жақтан,
Жұлдызым менің жүр жанбай.
Көңілсізбін, зіл батпан –
Еңсемді басып тұрғандай.

Толық

Қарап көріңіз