Өлең, жыр, ақындар

Түспейді сәуле күн жақтан

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 259
Түспейді сәуле күн жақтан,
Жұлдызым менің жүр жанбай.
Көңілсізбін, зіл батпан –
Еңсемді басып тұрғандай.
Қабағы таудың мұң артып,
Шаштарын бұлттар тарайды.
Аспанның жүзі мұнартып,
Мұнартып гүлдер қарайды.
Ұқтырып көп сыр жол тілі,
Үміттің отын жағады.
Бұлақтың тентек толқыны,
Жағаға басын соғады.
Кешегі іздер өшеді,
Өлмейтін өмір таба алмай.
Жылаған бұлттар көшеді,
Күн көзін мәңгі жаба алмай.
Берілем арман-қиялға,
Жалғасып таңға сан кешім.
Қияр ма маған құяр ма,
Ұлы күн сынған сәулесін?..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Түндер өтті елеспен, күндер өтті

  • 0
  • 0

Түндер өтті елеспен, күндер өтті,
Сеніп қалған іздеумен күлден отты.
Табиғаттың елігіп көктеміне,
Жайқалып бір көңілім гүлдемепті...

Толық

Балам әскерге кетерде

  • 0
  • 0

Ер жігіт өсіреді жапанға гүл,
Ойлайтын кезің келді Отан қамын.
Парызын өтеу үшін туған елдің,
Барасың, балам, күткен сапарға бұл.

Толық

Үйдегі гүл

  • 0
  • 0

Маңайына, құпия сырды жайып,
Мүсәпір хал, болады кімге лайық.
Қас-қабақты бағып бір үйдегі гүл,
Жетім сәби секілді тұр мұңайып.

Толық

Қарап көріңіз