Өлең, жыр, ақындар

Сарғайып жатты көк белдер

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 377
Сарғайып жатты көк белдер,
Сарғайып келді көктемдер.
Сарғайып хаттар жазады,
Ауылдан сонда кеткендер.
Сарғайып атты ақ таңдар,
Сарғайып батты көп күндер.
Босамай жонда жатқан қар,
Сарғайып сайды өптіңдер.
Сол жылдар, суық ақпандар,
Сарғайтып кімді кеттіңдер?
Сәуледей нәзік үмітін,
Арулар жүрген тербетіп.
Сарғайып тосты күні-түн,
Бір хатты жүрек шөлдетіп.
Сарғайтып келді хаттар да,
Сарғайып жауған жапырақтай.
Әр сөзі сол бір шақтарда,
Кеудеде жанды от-шырақтай.
Сеземін сонау жылдарды,
Белгісіз кеткен есімдер.
Сарғайып салған мұңды әнді,
Сұңқарын күтіп жесірлер…
Күресіп көңлі күдікпен,
Сыңарын әлі кәрі анам –
Келеді деген үмітпен
Сарғайып жолға қараған.
Сарғайып жүріп сезеді,
Ағарып шаштың кеткенін.
Сағымдай сол бір кездегі,
Сағыныш жастық көктемін…



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ойым орман, оранған үміт сағым

  • 0
  • 0

Ойым орман, оранған үміт сағым,
Тентек сезім қайда сол тұнық шағым.
Жанарына әр жанның жаутаңдайды,
Бала мінез баяғы «ұмытшағың».

Толық

Ауысып шуағы мен ашуы әлі

  • 0
  • 0

Ауысып шуағы мен ашуы әлі,
Тербелтіп бар өмірін ғашық әні.
Бойынан бұл әйелдің сан қасиет,
Ана болу арқылы ашылады.

Толық

Қоштасып, солай сен кеттің

  • 0
  • 0

Қоштасып, солай сен кеттің,
Өмірдің сырын кім білген.
Сезіммен бесік тербеттім,
Толқынын кешіп Сырдың мен.

Толық

Қарап көріңіз