Өлең, жыр, ақындар

Сәулең жатыр, тарап күн, тарап айдан

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 304
Сәулең жатыр, тарап күн, тарап айдан,
Сені көрсем, сезім мас, сана майдан,
Жонып-қашап тұлғамды мүсіндеші,
Қарсы біткен бұтағы қарағайдан.
Келе бермес көңілге күй көктемі,
Өмір бізге нені айтып, үйретпеді.
Өз қолыңмен жан бітіп кететіндей,
Соқсаң егер балшықтан илеп мені.
Өзгеше еді, сол күнгі ән, сол күнгі арман,
Сыртқа тепкен сезімің еркімді алған.
Жүрегіңнің толқуын толқып көрсет,
Ағыстарға қарсы аққан толқындардан.
Сағынышпен сарғайып, өтті күнім,
Өткен күнім қай жерге төкті гүлін,
Ойында жоқ... өзгенің бойында жоқ,
Өртеп мені барады оттылығың.
Қайнар басын қайнатқан өрден, жырақ,
Ай сәулесін ағаштан өрген құрап.
Соғып ағар толқынын тастан-тасқа,
Сезімімнің шолпысын зергер бұлақ.
Қалай өмір сүрер ек?
жолықпасақ,
Жүрегімді отқа сап, көрікке сап.
Көздеріме қадалған сенің көзің,
Мүсінімді құйғандай жонып, қашап...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кереңдік

  • 0
  • 0

Естуімше ел оны «есті» дейді,
Ескермеген, есірік, еш дүлейді.
Сыбырлағын, мейлің сен, айқайлағын,
Құлағы оның ештеңе естімейді...

Толық

Сарғайып жатты көк белдер

  • 0
  • 0

Сарғайып жатты көк белдер,
Сарғайып келді көктемдер.
Сарғайып хаттар жазады,
Ауылдан сонда кеткендер.

Толық

Болады ертең тас та құм

  • 0
  • 0

Болады ертең тас та құм,
Болады ертең күн қандай?
Өмір дегенің қас-қағым,
Көзіңді ашып-жұмғандай...

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар