Өлең, жыр, ақындар

Жан-жағым үнсіз, тым-тырыс

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 321
Жан-жағым үнсіз, тым-тырыс,
Жалықтым қайда, той-думан.
Іздейді көңіл сілкініс.
Үнсіздік әбден тойдырған.
Билейтін желмен шуылдап,
Ақ қайың үнсіз қалғып тұр.
Бір ойдан бір ой туындап,
Қайтады қиял қаңғып бір.
Аралап боз ай бұлт ішін,
Болды ма екен ұятты.
Бұлақ қыз күзге күлкісін,
Тонатып алған сияқты...
Қанатын жапырақ қағады,
Сабағы жасқа тұншығып.
Ойларым ояу ағады,
Ағады баяу тіршілік.
Күзгі аспан тартып жабырқау,
Қабағын күннің аңдиды.
Жамбастап жатқан қоңыр тау,
Қоңыр күй кешіп қалғиды...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Иесіз кеме

  • 0
  • 0

Тұман, тұман, айналам, жаға қайда,
Көрінбейді көкжиек, шағала ай да.
Бағытынан айрылған бір кеменің,
Бүйірін түртіп, толқындар табалай ма?

Толық

Туған жерден келмейді алыстағым

  • 0
  • 0

Туған жерден келмейді алыстағым,
Бұрып арман, жан-сезім ағыстарын.
Мен даланы сүйемін ақын Расул –
Сүйсе қалай, тауымен, Дағыстанын.

Толық

«Ертең»- ертең деп жүріп, күн өтерін білмедім

  • 0
  • 0

«Ертең»- ертең деп жүріп, күн өтерін білмедім,
Сақтай білмес, сұлуды күң етерін білмедім.
Өмір деген «кезекті» кәрілікке көнбейтін,
Көңіл деген, көктемгі гүл екенін білмедім.

Толық

Қарап көріңіз