Өлең, жыр, ақындар

Туған жерден келмейді алыстағым

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 247
Туған жерден келмейді алыстағым,
Бұрып арман, жан-сезім ағыстарын.
Мен даланы сүйемін ақын Расул –
Сүйсе қалай, тауымен, Дағыстанын.
Жақын дала, жаныма жақын ауыл,
Сағынышпен таңымды атырамын.
Ақсуымды сүйемін ақын Әбу,
Сүйсе қалай, теңізін, Атырауын.
Туған жермен жалғасқан қан-тамырым,
Соғып тұрған жүрегім, орталығым.
Мен даланы сүйемін Мақатаев,
Сүйсе қалай, «Қарасаз», «Хантәңірін».
Туған жерден келмейді алыс тұрғым,
Топырағымен сол жердің таныс, құрбым.
Кең далаға деген кең көңілімді
Ештеңемен келмейді салыстырғым.
Жазсам деймін жер жайлы мұра-дастан,
Уақыттан рұқсат сұрамастан.
Әр таң сайын даланы аңсап тұрам,
Аңсағандай шырқау шың, қыран аспан.
Қайратыңды қайтадан жанып беріп,
Көкірегіңді тұрады шабыт керіп.
Туған жердің тұрғандай аспанынан –
Бір жұлдызым жақындап жарық төгіп.
Қасиетіңді кешігіп білгендеймін,
Сырт көздерге сағынсам, сыр бермеймін.
Мен өзіңсіз туған жер, уақытша –
Басқа жерде қонақ боп жүргендеймін.
Анам менің арманшыл туыпты арман,
Бастау алған сезімім тұнықтардан.
Ұқсаймын мен сайрағыш сандуғашқа
Туған жердің көгінде тұрып қалған.
Тұлпар берсем, жел берер қолтығыма,
Себеп болып сезімнің толқуына.
Туған жердің бір уыс топырағымын,
Араласқан Ақсудың толқынына.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жүрегіне жүрегі алау жағып

  • 0
  • 0

Жүрегіне жүрегі алау жағып,
Қабағына қайратын алар жанып.
Қасиетті асқар-шың, әйел жаны,
Қарға құзғын қона алмас оған барып.

Толық

Үздің бе, үміт сен менен

  • 0
  • 0

Үздің бе, үміт сен менен,
Ертегім болған ертеңім.
Тербетер ерке желменен,
Жүректі нәзік желкенім.

Толық

Сыншы қыз

  • 0
  • 0

Жастықтың қызықпай аз сайранына,
Арманның ай қондырып айдарына,
Қолыңа сарбаздай боп семсер алып,
Шықтың сен әділеттің майданына.

Толық

Қарап көріңіз