Өлең, жыр, ақындар

«Ертең»- ертең деп жүріп, күн өтерін білмедім

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 613
«Ертең»- ертең деп жүріп, күн өтерін білмедім,
Сақтай білмес, сұлуды күң етерін білмедім.
Өмір деген «кезекті» кәрілікке көнбейтін,
Көңіл деген, көктемгі гүл екенін білмедім.
Қуанышты сәттерім, тез өтерін, білмедім,
Басқан ізді «аңдушым», сөз етерін білмедім.
Алаламай аспаннан адамға ортақ қарайтын,
Күн дегеннің, құдайдың көзі екенін, білмедім.
Ғашықтардың жүрегі өрт екенін білмедім.
Өртке күйген ақындар ерте өтерін білмедім.
Өзіңменен өзіңді айтыстырған оңаша –
Өлең деген, жазылмас «дерт» екенін білмедім.
Көрінбейтін көзіме «жауларымды» білмедім,
«Бағасыздан» бағамды дауларымды білмедім.
Түпсіз ойдың түбіне сапар шегіп, өмірге –
Орала алмай, ес-түссіз ауырарымды білмедім.
Әр адамның тағдыры, түрлі екенін білмедім,
«Ақындарға» бұл өмір түрме екенін білмедім.
Жағалаулар арасын «аруақтар» жалғаған,
Ол дүние мен, бұл дүние, бірге екенін, білмедім...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Еңкіш емес, емендей түзу едің

  • 0
  • 0

Еңкіш емес, емендей түзу едің,
Байқамадым, қонғанын жүзіңе мұң.
Құдіреттім-ау, бұл күнде өзің тұрмақ,
Басып кеткен тең келер ізіңе кім?!

Толық

Арман күйі

  • 0
  • 0

Шертші тағы бір жанып, бір өшейін,
Сезімімді жеңе алмай күресейін.
Арман айлап - боздаған күй соңынан –
Бала ботаң болып мен ілесейін...

Толық

От салдың, ойда жоқта жолықтың да

  • 0
  • 0

От салдың, ойда жоқта жолықтың да,
Өзгердің, өзіңді-өзің көріп тұлға.
Көзіңнің қыл-тұзағын үзіп шықтым,
Қалудан тұтқын болып қорықтым да.

Толық

Қарап көріңіз