Өлең, жыр, ақындар

Ән салғандай ояу жел, ояу далада

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 241
Ән салғандай ояу жел, ояу далада,
Көзіңдегі сезімде бояу бола ма?
Күрсіне берем, кешігіп кездескеніме,
Жарық дүние, өтпелі аялдамада...
Көктемнің көптен, желі еспей келді,
(Япыр-ау, іштегі өрт неге өшпейді, енді?)
Бір ыстық бейне, бір өзің арқылы,
Жасындай жарқылдап, елестей берді...
Көзіңе көзіммен ұнатып қарадым,
Кетпеші жанымды жылатып, қарағым.
Қонғандай қолыма қыранның сұңқары,
Армандай далаға гүл атып барамын.
Көзімнің бұлағын жыр әнің кептірды,
Қиялмен тербетті шынарың көп күнді.
«Іздеген жоғымды кешігіп таптым» - деп,
Әлемнен шүйінші сұрағым кеп тұрды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Екі көз, екі дүние...

  • 0
  • 0

Жер аласа, аспан төсі тым биік,
Биіктегі жұлдыз-гүлдер әдемі.
Бірі жарық, бірі түпсіз тұңғиық,
Екі көзім – екі дүние әдемі...

Толық

Ақылдым-ау, тақтың маған бекер, мін

  • 0
  • 0

Ақылдым-ау, тақтың маған бекер, мін,
Шексіздіктің шегіне бір жетермін.
Ояуымда-ақ шым-шытырық түс көріп,
Ұзақ уақыт ұйықтап қалған екенмін...

Толық

Күзгі сыр

  • 0
  • 0

Көңіл тұман...
арасына ай батқан,
Тірі жан жоқ. Тіл қататын аймақтан.
Тереземе құлап түсті қураған,

Толық

Қарап көріңіз