Өлең, жыр, ақындар

Екі көз, екі дүние...

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 355
Жер аласа, аспан төсі тым биік,
Биіктегі жұлдыз-гүлдер әдемі.
Бірі жарық, бірі түпсіз тұңғиық,
Екі көзім – екі дүние әдемі...
Түнеремін... бір сөз естіп біреуден,
Таңым атса, кешімді сол кешіріп.
Бір көзім тұр, жарықтағы жіберген,
Қара – жерде, қателігімді өшіріп.
Тіл қатқандай әрбір төбе, әр қырат,
Маңдайымнан жібек самал сүйіп бір.
Сол көзімнен бұл дүние жарқырап,
Оң көзімнен ол дүние ұйып тұр...
Жырдан соқтым жан-жүректің күмбезін,
Ертеңімнің ертегідей әр таңы.
Жұлдыздарға ғашық болса бір көзім,
Бір көзімді жер құшағы тартады...
Ұшып келем, екі дүние ізімен,
Бұрылар жол, тығылатын қалқам жоқ.
Түн жамылған қылыш-айдың жүзінен –
Шұғылалы қорғайды Күн қалқан боп.
Бір дүниені біліп,
бірін білмедім,
Ішінде өмір сүргендеймін түрменің/
Дірілдесе бір көзімнен түн менің,
Бір көзімнен күлімдейді Күн менің.
Қай түске еніп кетерімді білмедім.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Астанаға

  • 0
  • 0

Ерліктің ел қолдаған бастамасы,
Алдыңда асатын бел, асқар асу.
Төсінен Сары арқаның бой көтерген,
Астана Қазақстан бас қаласы.

Толық

Күн тұрғанда басымда

  • 0
  • 0

Күн тұрғанда басымда,
Күн қадірін білмеппін.
Дос тұрғанда қасымда,
Дос қадірін білмеппін.

Толық

Ауа жетпей кейде бір алқынамын

  • 0
  • 0

Ауа жетпей кейде бір алқынамын,
Ондай кезде шығады салқын әнім.
Ғашық болып тағы да таңғы күнге,
Таңғы күндей биікке талпынамын.

Толық

Қарап көріңіз