Өлең, жыр, ақындар

Оттарына оты түсіп көзіңнің

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 337
Оттарына оты түсіп көзіңнің,
Бойыңды сәт, асау құйын, жел жеңді.
Көкірегіңе бастың... тартып сезімнің –
Нүктесіндей, серіппелі кеудемді...
Сүйгемін, жоқ... өз жолында өлгенмін,
Тәтті-ащыңды айыра алмай тамсанам.
Күшіменен сол бір оттың, сол желдің,
Жапыраққа ұқсап ұштым мен саған.
Ғашық көзге ашық қара, толғанып,
Көкірегіңе көкірегімнен қақпа ашам.
Көз жасындай жүрегімді қолға алып,
Өз еркіңде, табанға сап таптасаң.
Көздеріңнен аудармашы көзіңді,
Ішіндегі сыр аулаймын тереңнен.
Әртүрлі оймен арпалысып, өзіңді –
Бір көруді, бір өмірдей көрем мен...
Емшім, жабық «ауруымды» емдегін,
Жария етпей есімімді елге енді.
Мықты болсаң, мергендікпен сен менің,
Серпіп ашқын, серіппелі кеудемді...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кешкі сурет

  • 0
  • 0

Аппақ шуақ шашылғандай шат күлсең,
Көкірегімнен ақ таң болып аттың сен.
Астыңа бір алтын жалды ат мініп,
Кешкі күнге кіріп бара жаттың сен...

Толық

Мен егіліп алдыңда жылап тұрдым

  • 0
  • 0

Мен егіліп алдыңда жылап тұрдым,
Жария емес өзгеге жан-арыммен.
Ал сен болсаң, шылымды лақтырдың,
Өшіріп, үнсіз отын табаныңмен.

Толық

Арманыңа алтын орда аш менен

  • 0
  • 0

Арманыңа алтын орда аш менен,
Өшпейтұғын жазайын бір тасқа өлең.
Шу-шу етіп жапырағы қол соқсын,
Куә болып жылдарменен жасты емен.

Толық

Қарап көріңіз