Өлең, жыр, ақындар

Кездесу

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 462
Бір басымнан ойлар кештім, сөз кештім,
Сөз боранын соғып тұрған сезбес, кім.
Келіп кетер мен өмірде қас-қағым,
Жақсымен де, жаманмен де кездестім.
Айжарықта қалдым талай алданып,
Бағытымды тұрғандай бір тау бағып.
Арам жандар адастырса жолымнан,
Адал жандар шықты алдымнан шам жағып.
Мен көргенді көрмегендей өзге ешкім,
Уақыттың екпінімен тез көштім,
Жон көрсетіп орман – өмір ішінде,
Жортып жүрген жолбарыспен кездестім.
Белес кезіп, тауға беттеп, қырды астым,
Тас төбемде мәңгі-бақи тұрмас күн.
Біліп алған қулықтарын түлкінің,
Қан тілеген қасқырмен де сырластым.
Кездесусіз өткен емес еш күнім.
Талай рет жартасты ұрып, өшті үнім.
Еркелеген бір-біріне таранып,
Аққулардың сыңсығанын естідім.
Адамдармен кездестім мен ақ көңіл,
Ақ көңілден ауру жаным тапты емін.
Табиғаттай көңіл-күймен, алмасты,
Бірде бұлтты, бірде ашық сәттерім.
Жер бетіне қанаттарын таң жайып,
Көкжиекке күнім батты сан байып.
Құбылмалы уақыт атты теректің
Жапырақтары ұшты талай сарғайып...
Ненің болсын, баянсызын біліп мен,
Шайқалады, көңілім – бір тұнық көл.
Кездесуге көктеміме алдағы –
Күтіп өмір сүргендеймін үмітпен...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Суретші боламын

  • 0
  • 4

Суретші болам өскенде,
Саламын туған даламды.
Қызарып батқан кештерді,
Жұмыстан қайтқан анамды.

Толық

Әудемжер

  • 0
  • 0

Кім сонда, осы әуенді қалықтатты,
Мәңгілік құлағымда қалып қапты.
Үстінен өмір көпір, өтіп жатқан –
Уақыт соны айтудан жалықпапты.

Толық

Мен ешкімге сол адам деп сүйгенім

  • 0
  • 0

Мен ешкімге сол адам деп сүйгенім
Айтқан жоқ ем, бүгін бәрі жүр шулап.
Өзім жанып, өз отыма күйгемін,
Өз атыңа арнай алмай жыр шумақ...

Толық

Қарап көріңіз