Өлең, жыр, ақындар

Әудемжер

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 431
Кім сонда, осы әуенді қалықтатты,
Мәңгілік құлағымда қалып қапты.
Үстінен өмір көпір, өтіп жатқан –
Уақыт соны айтудан жалықпапты.
Мен байғұс, содан бері не көрмедім,
Арқасы-ау, бір құдайдың көгергенім.
Аларсың, қалай, үзіп?
сүйгеніңе –
Жыр жаным, гүл боп шықса, егер, менің?
Мін тағар, сұлулыққа кіналап кім,
Сырыңмен сезіміме сына қақтың.
Ән салған, әуелетіп, әнші жігіт,
Мен сенің есіміңді сұрамаппын...
Әніңмен күнім шығып, таң атқанды,
Жабылған жадыратып қабақтарды/
Қыран-шың баурындағы балапандай,
Қиялым қияға өрлеп қанаттанды.
Атыңнан айналайын ағаш аяқ,
/Ол мені сүйіп еді, алғаш аяп /
Амал жоқ, өтті дәурен, болдым енді,
Құрғандай жаңа жауған қарға саят...
“Әудемжер, жүре алмаймын аяғымнан”,
Тағдырдың оң тіземді таяғы ұрған.
Қайтейін, бір мысқалдай кем емес ем,
Толқыған аспандағы ай арудан...
Шіркін-ай, аяғымнан, аяғымна-ан!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Үнсіз тынып уақытқа кеткен есем

  • 0
  • 0

Үнсіз тынып уақытқа кеткен есем,
Есем кетсе, көктеммен көктемес ем.
Тіл қатпаймын, күлмеймін, үндемеймін
Көңілім қалып, бір досқа өкпелесем.

Толық

Берілмесін тек соғысқа еркіндік

  • 0
  • 0

Еркін дем ап тыныс алсын бұл кеудем,
Кең далаға шығайықшы жүр, сәулем.
Еркіндіксіз тұншыға бір күлгеннен,
Еркіндікпен жылағаным бір дәурен.

Толық

Әншінің алса «ажал» тәнін алды

  • 0
  • 0

Әншінің алса «ажал» тәнін алды,
Әуелеп ақ аспанда әні қалды.
Көгеріп, тамырланып жайқалады,
Өмірде өнердің жас дәні мәңгі.

Толық

Қарап көріңіз