Өлең, жыр, ақындар

Мен ешкімге сол адам деп сүйгенім

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 330
Мен ешкімге сол адам деп сүйгенім
Айтқан жоқ ем, бүгін бәрі жүр шулап.
Өзім жанып, өз отыма күйгемін,
Өз атыңа арнай алмай жыр шумақ...
Жұбатпайды бүкіл жыр мен бүкіл ән,
Жанарлардан жасқанып бір именем.
Қалай, қайтіп, қайда барып құтылам
Жан-жүректі шаққан сөзден, инеден.
Жылу іздеп айналадан жер, күннен,
Жаутаңдаймын күйін кешіп жетімнің.
Айрылып аз ақылымнан, еркімнен,
Бейуақытта тынышыңды кетірдім.
Күреседі махаббат пен жауыздық,
Жауыздықтың жазады кім жарасын?
Біздер жайлы айтып жүр «жұрт» аңыз ғып,
Айтқандай шын ғашықтардын, арасын.
Сөзімде ғой менің өмір сахнам,
Шерте алмаймын өткен жайдан естелік.
Ұйқылы-ояу мен өзіңді шақырам,
Шақырамын елесіңді ес көріп...
Жата алмаймын құс төсекте сан аунап,
Мен айтпаймын, ол жайында сұрама.
Сүйген кезде жанар жүрек алаулап,
Жанған жүрек көзге түспей тұра ма?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жыр дегеннің жыр емес қой барлығы

  • 0
  • 0

Жыр дегеннің жыр емес қой барлығы,
Бұлбұл даусы, емес құстың таңғы үні.
Раушандай болмас тегі гүл біткен,
Сұлулардың ұқсамайды тағдыры.

Толық

Бәйтерек

  • 0
  • 0

Берді оған күн де, жер де, ай қорек,
Өсті дара кең далада бәйтерек.
Табиғаттың қысқы дүлей дауылын,
Күздің желін, жаздың нөсер жауынын.

Толық

Күн нұры жерге сен деп шашылады

  • 0
  • 0

Күн нұры жерге сен деп шашылады,
Сені ойлап қырда гүлдер ашылады.
Атыңды айғай салып айту үшін,
Теңіздің толқындары асығады...

Толық

Қарап көріңіз