Өлең, жыр, ақындар

Жедел жәрдем

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 1208
Жарық шашқан маңдайында алау бар,
Айқайлайды түн ұйқысын қашырып.
Жол беріңдер, жол беріңдер адамдар,
Жедел жәрдем келе жатыр асығып.
Аман атқан әрбір таң ғой жаңалық,
Қауіп-қатер толы мынау ғаламда.
Өмір алып келеді, ол ауа алып,
Ауыр тыныс алып жатқан адамға.
Жанарларға үрей, үміт қамалып,
Жанталасар, санаулы сәт қалғанда.
Жүрекке бір келеді ыстық қан алып,
Тіршіліктің тамырларын жалғауға.
Арман еткен аналардың «ғасыры» ек,
Қадамына үмітпенен қараған.
Мына өмірде болмас еді қасірет,
Жедел жәрдем бола білсе, әр адам.
Ғұмыр – жұлдыз, мекен жайын сұрама,
Алмасатын уақыт қой, сор, бақыт.
Жедел жәрдем, тезірек жет, бір ана,
Бір өмірге жатқан шығар толғатып...
Сағат–жүрек соғар тынбай кеудеңде,
Бір жүрекке бағынышты тағдырың.
Жедел жәрдем керек екен емдеуге,
Жараланған табиғаттың барлығын.
Күн – жүрекке ауа жетпей, алқынған,
Солып бара жатқандай бір жер–алма.
Жедел жәрдем керек, көзі сарқылған,
Ауруы бір Балқашпенен Аралға!
Жер оқтардан жоқ қой әлі тазарған,
Жеткізуге адамға жыр – сәулемді.
Жедел жәрдем керек, апат, ажалдан,
Қорғап қалу үшін бейбіт – әлемді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ән салғандай ояу жел, ояу далада

  • 0
  • 0

Ән салғандай ояу жел, ояу далада,
Көзіңдегі сезімде бояу бола ма?
Күрсіне берем, кешігіп кездескеніме,
Жарық дүние, өтпелі аялдамада...

Толық

Туғаннан жақсылыққа көрші екенмін

  • 0
  • 0

Туғаннан жақсылыққа көрші екенмін,
Татпадым өмірдің көп мен шекерін.
Түсініп достасуға көгершіндей
Жүректі жүректерге елші етемін.

Толық

Бүгінімнен бұрын ойлап ертеңді

  • 0
  • 0

Бүгінімнен бұрын ойлап ертеңді,
Гүлім ерте көзін ашып, ерте өнді.
Бүршіктеген бір үмітім ақталмай,
Ішім менің өртенді ғой, өртенді...

Толық

Қарап көріңіз