Өлең, жыр, ақындар

Бүгінімнен бұрын ойлап ертеңді

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 280
Бүгінімнен бұрын ойлап ертеңді,
Гүлім ерте көзін ашып, ерте өнді.
Бүршіктеген бір үмітім ақталмай,
Ішім менің өртенді ғой, өртенді...
Бақыт емес, аш көңілге тоқ қарын,
Тартады ойым тіршіліктің көкпарын.
Кезек күтіп жүргеніңде, кезексіз –
Келген уақыт өтіп кетер жеп бәрін.
Гүл тамырын жиі аламын мен еске,
Сұңқар үнін, жорып түске, елеске.
Жарығымен мынау жарық дүниеге –
Келген жанның бәрі жасты емес пе?
Неге, неге жиі аламын сені еске?
Еске салар... әрбір заттың бар тілі,
Күнге ауысар, күні бардың әр түні.
Мен өмірге келгендеймін жаңадан,
Саған сеніп, ғашық болу арқылы,
Жыр дегенің... жан-жүректің жарқылы.
Жете алмайды, созғанменен жоққа қол,
Жоқты іздеп, табам десең атқа қон.
Шеберлікпен шерте алмасаң, тіл тауып
Домбыраның шанағына соқпа қол...
Сыр сауатын сезімімнің соқпағы ол.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өзім адам, адамсыз күн жоқ маған

  • 0
  • 0

Өзім адам, адамсыз күн жоқ маған,
Өмірімнің жүрегі онсыз соқпаған.
Сырты көктем, ішіне қыс орнатып,
Адам атын жамылғаннан сақтанам.

Толық

Көзге өтірік көлгірсіп, мақтанбаймын

  • 0
  • 0

Көзге өтірік көлгірсіп, мақтанбаймын.
Көп адасып, өзіңді тапқандаймын.
«Сенен өзге ешкімді сүймедім» деп,
Ант ішпеймін, алдыңда ақталмаймын.

Толық

Ақ әлем...

  • 0
  • 0

Ақ әлем...
Асқар таулар түрегеп тұр,
Тауларға табынғандай, жүрелеп қыр.
Аспанға шығып алып Әлия әжем,

Толық

Қарап көріңіз