Өлең, жыр, ақындар

Кеудеме сыйған сезім ағыны әрең

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 376
Кеудеме сыйған сезім ағыны әрең,
(Ағысты өтіп кетсе сағынар ем).
Ұмытып кеткен қара көздеріңе
Кездестім ойда жоқта тағы да мен...
Кімге енді орта жолда елігермін,
Келмейді оттай жанып тебіренгім.
Шоқ гүлдің ар жағынан сені көрдім,
От күннің бер жағынан мені көрдің...
Көзіме көзің қарар сырды бағып,
Отырдым бір қызарып, бір қуанып.
Тағы да, сүйікті арман, күйіп қалған
Қанатын жүрек құсым тұрды қағып.
Отырмын өтіп кеткен ойлап күнді,
Құштарлық қояды екен байлап тілді.
Жастықты қашықтап бір қайта оралған
Білгендей бүкіл дүние тойлап тұрды.
Келеміз шексіз-шетсіз күндерге еріп,
Неге біз бір тіл қатып үлгермедік.
Қос жүрек асығады, тікен емес,
Тұр біздің арамызды гүлдер бөліп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ана қайың

  • 0
  • 0

Соққан желге жұлмалап, күйініп тұр,
Көкірегіне көз жасы құйылып бір.
Сынып түскен ақ қайың сабағына
Тіл қата алмай, дәрменсіз иіліп тұр.

Толық

Дала кезіп, қолыма бір шам алдым

  • 0
  • 0

Дала кезіп, қолыма бір шам алдым,
Шың төбеге, айналғандай тас, құмға.
Үрейленем... сүйектері бабамның,
Жатыр ма деп, аяғымның астында...

Толық

Соңғы түйір

  • 0
  • 0

Соңғы түйір,
түбін қағып қалтаның,
Табу үшін таңғы ас, тәңір талқанын.
Медалі бар қайырсұрап отыр қарт,

Толық

Қарап көріңіз