Өлең, жыр, ақындар

Соңғы түйір

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 245
Соңғы түйір,
түбін қағып қалтаның,
Табу үшін таңғы ас, тәңір талқанын.
Медалі бар қайырсұрап отыр қарт,
Жерге төсеп басындағы қалпағын.
Соғысты да, көрген талай індетті,
Кімдер келіп, бұл көшеден кім кетті?
Қайыр жасап адамзатқа бір кезде,
Қайыр сұрап қаларын ол білмепті.
Өтеді жұрт жанарларын “теңге” еткен,
Іздегенін таппай мынауі жер-көктен.
Жұлдызшаны кеудесіне таққандай,
Үздік шығып қайыршылық еңбектен.
Аққан қан мен төгілген тер ақталмай,
Қабағы бар, жұрт қабағын баққандай.
Кеше ғана көкірегімен көк тіреп,
Енді бүгін жерде басы жатқандай.
Қарт көзінен бара жатыр батып күн,
Еміс-еміс елес беріп бақыт мұң.
Адам басы доптай болып домалап,
Табанында тапталғандай уақыттың.
Нан болмаса...
керегі не алқаның,
(Қара бақыр салмай өтті қалта мың)
Бара жаттым, кигендей боп басыма,
Аяқ асты жатқан қарттың қалпағын...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көктем күнім жарқылдап күліп келші

  • 0
  • 0

Көктем күнім жарқылдап күліп келші,
Көңілімді етейін үмітке елші.
Жазғы жаңбыр жауғандай жапырақты,
Жапырағын жанымның жуып берші.

Толық

Ана қайың

  • 0
  • 0

Соққан желге жұлмалап, күйініп тұр,
Көкірегіне көз жасы құйылып бір.
Сынып түскен ақ қайың сабағына
Тіл қата алмай, дәрменсіз иіліп тұр.

Толық

Біреу келіп өмірден біреу кетіп барады

  • 0
  • 0

Біреу келіп өмірден біреу кетіп барады,
Сусылдайды уақыттың толмай аппақ парағы.
Біреу ашқан қақпаны біреу мәңгі жабады,
Бәрін-бәрін бағады күндердің көз, қабағы...

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар