Өлең, жыр, ақындар

Ана қайың

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 298
Соққан желге жұлмалап, күйініп тұр,
Көкірегіне көз жасы құйылып бір.
Сынып түскен ақ қайың сабағына
Тіл қата алмай, дәрменсіз иіліп тұр.
Иіліп тұр, кеудесі нала құшып,
Жанарынан тамшылап жаралы шық.
Қайрылмастан қатыгез, қара жерге
Жапырағы жамырап барады ұшып.
Қайда кеткен,
кешегі сыршыл әні,
Өзегі өксіп, өртеніп, тұншығады.
Жаралы аққу зарындай сыңсығаны,
Ақ қайыңнан сыңсыған үн шығады.
Тал бойына біткен бе, көрік бекер,
Елжіретіп, көргенді еліктетер.
Пенде-ғұмыр, көгерген жапырақтай,
Кезегімен жарыққа келіп, кетер.
Барады жел, бұлбұлын, тонап айын,
(Алыстаған бұтағы баладайын)
Шағылысар көз жасы күн көзіне,
Махабатын әйгілеп ана қайың.
Ана қайың, ақ қайың иіліп тұр,
Табиғаттан тағдырлы күй ұғып бір.
Сынып түскен жапырақтың сабағына,
Жүрек нұры, жан жасы құйылып тұр.
Көп жатуға шыдамай, бұйығып бір,
Бұлтты түтер,
желден жіп иіріп қыр.
Сәбиіне қараған анаға ұқсап,
Сабағына ақ қайың иіліп тұр.
Жанарынан жапырақ-жас құйылып тұр...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Елегізу

  • 0
  • 0

Тереземде «мені үз» деп гүл тұр әні,
Тартынады, бір сезім ұмтылады.
Жолы болмай, күйген көп, әлдекімнен
Беті қайтқан жүрегім бұлқынады...

Толық

Бұған дейін шыдадым, шыдап кеппін

  • 0
  • 0

Бұған дейін шыдадым, шыдап кеппін,
Жұлдызынан күн жасап құрап көктің.
Білесің бе, ей дүние! Мен өзіңнен,
Жылап келіп, келмейді жылап кеткім.

Толық

Қайрау жыры

  • 0
  • 0

Қаламыңды қолыңа ал, бол, тұр, ақын,
Шағың сенің қырандай шарқ ұратын.
Қиялыңа қанат боп қозғау салар
Ыстық сезім, бойдағы салқын ақыл...

Толық

Қарап көріңіз