Өлең, жыр, ақындар

Мінезіңді құбылған пенде білмей

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 274
Мінезіңді құбылған пенде білмей,
Көңілің құм даланың шөлдеріндей.
Айтшы, жаным, көшеден көп ішінен
Күрсіндің бе, көзіңе мен көрінбей...
Жарығыңды төксеңші жерге күндей,
Көрер едім өзіңді енді өмірдей.
Жұрт ішінде күлсем де, оңашада
Күрсіндім бе, көзіме сен көрінбей.
Думанды орта, жаттай боп мына мекен,
Жырдың отын жолыма шырақ етем.
Бұлт жасырған күндей боп бір өзіңсіз,
Мынау дүние құлазып тұрады екен.
Күнім ауып кеткен бе айна көктен,
Күрсінемін көктемді ойлап өткен.
Тереземді түн бойы ай күзетіп,
Көз ілмейтін кездерім қайда кеткен?
Көңілімдей көгілдір қайда көктем,
Сарғайыпты жасыл бел сайран еткен.
Оралмадың, көп болды, көре алмадым
Сандуғашты кеудемде сайрап өткен.
Күн кірпікті көздерін көлдер ілмей
Жатса-дағы ұрындым шөлге білмей.
Күрсінесің, көзіңе мен көрінбей,
Күрсінемін, көзіме сен көрінбей...
Айналадан жүрегім сыр тыңдайды,
Бір күн жайсыз болғандай, бір күн жайлы.
Тыныштықта қалғыған жапырақты
Шертіп жаңбыр ақырын тырсылдайды...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Арып-ашып келсең, жаным түн қатып

  • 0
  • 0

Арып-ашып келсең, жаным түн қатып,
Есік ашсын ойда жоқта бір бақыт.
Шырақ жанған терезені шерткейсің,
Шырағы бар жүрегіңді тыңдатып...

Толық

Мен кетермін, соңымда бәрі қалар

  • 0
  • 0

Мен кетермін, соңымда бәрі қалар,
Сөз кезегін тағы бір дарын алар.
Шыңырауға түскен бір жарықтай боп,
Тау аңғарын тас бұлақ жарып ағар.

Толық

Үш қасиет

  • 0
  • 0

Өзімді іздеп... өз ішімді кезермін,
Кедейлік пе?
бәріне де төзермін.
“Адаммын” деп айта алмас ем жүректен,

Толық

Қарап көріңіз