Өлең, жыр, ақындар

Арып-ашып келсең, жаным түн қатып

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 255
Арып-ашып келсең, жаным түн қатып,
Есік ашсын ойда жоқта бір бақыт.
Шырақ жанған терезені шерткейсің,
Шырағы бар жүрегіңді тыңдатып...
Көкірегімнен шықпай қалған бір ән ең,
Бір көруге сені әйтеуір құмар ем.
Созған қолым қолдарыңа жете алмай,
Тоңған жандай дір-дір етіп тұрар ем.
Үйреніп мен үлгермеген бір ән ең,
Қиялымда бойлап өскен шынар ең.
Тұлымшағын сипаған боп баламның,
Қуаныштан төмен қарап жылар ем.
Күтуменен айлар-жылдар өтер көп,
Кәрілік те, қашқаныммен, жетер кеп.
Шырағымды сөндірмеспін, мен бірақ –
Түнде келсең, сен адасып кетер деп!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Болады ертең тас та құм

  • 0
  • 0

Болады ертең тас та құм,
Болады ертең күн қандай?
Өмір дегенің қас-қағым,
Көзіңді ашып-жұмғандай...

Толық

Бейуақыт түсті менің есіме...

  • 0
  • 0

Қосылды да арманға арман, сырға сыр,
Келер күннің мүсіндедік тұлғасын.
Асығамын кететіндей өтіп тез
Қас қағымның арасында бір ғасыр...

Толық

Көзге елестеп жұмбақ өмір алдағы

  • 0
  • 0

Көзге елестеп жұмбақ өмір алдағы,
Әнім менің кешке ұласты таңдағы.
Кейде ауыр күрсінемін, иығыма –
Түскендей боп аспан мен жер салмағы.

Толық

Қарап көріңіз