Өлең, жыр, ақындар

Алданамын, кімге ашылып, сенсем көп

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 259
Алданамын, кімге ашылып, сенсем көп,
Көңіл ауру, бір сөзіңмен берші емдеп.
Адамдардың ортасында жүріп-ақ
Адамды бір сағынамын көрсем деп...
Жалған жанның болмас жанға сусыны ем,
(Іштен қалай қайғы бұлтын құсын ел?)
Ойын-тойдың ортасында отырып,
Жалғыздықтың күйін шертіп, күрсінем...
Өзінен де сұлулардың сыры ұнап,
Шын күлкіні сағынамын бір уақ.
Көктемде де қалады екен көктемей
Кейбір ағаш су ішінде тұрып-ақ...
Мен табынсам, тазалыққа табынам,
Алыс қонбай балалықтың бағынан.
Бет перделі «сыпайылар» ішінде
Бет пердесіз бір адамды сағынам.
Сағынамын даналықтың шырағын,
Жауапсыз боп қалмау үшін сұрағым.
Осынау жұрт ортасында сыңсытып,
Жалғыздықтың күйін шертіп тұрамын...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бер маған не күніңді, не түніңді

  • 0
  • 0

Бер маған не күніңді, не түніңді,
Барымен не жылауды, не күлуді.
Талғамай өткізейін таразыдан,
Осынау жақсы, жаман екі ұғымды.

Толық

Жар басында

  • 0
  • 0

Тәкаппарсың, сұстанып, керіп қабақ,
Толқын шашын табаны өріп, тарап.
Жар тұратын, жалықпай жүзін көріп,
Төбесінен өзеннің төніп қарап.

Толық

Сыртта нең бар?

  • 0
  • 0

Сыртта нең бар?
Тұғырға қон, жүрегім,
(Елегзідің, несіне елжіредің?)
Күткендей боп біреуді әлсін-әлсін,

Толық

Қарап көріңіз