Өлең, жыр, ақындар

Бейуақыт түсті менің есіме...

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 281
Қосылды да арманға арман, сырға сыр,
Келер күннің мүсіндедік тұлғасын.
Асығамын кететіндей өтіп тез
Қас қағымның арасында бір ғасыр...
Өз ойыңмен өріп өлең өрнегін,
Өрнегіңмен өміріңді тербедің.
Бейуақыт түсті менің есіме
Су бетінен суретіңді көргенім...
– Жақындадың, жалыныңмен маздадым,
Ұйқыда едім, сезімімді қозғадың.
Бейуақыт түсті менің есіме
Қарындашпен атыңа хат жазғаным...
Жақындадың, жақындады кектемім,
Көктемменен түлер ме екен от көңіл?
Бейуақыт түсті тағы есіме
Есігіңді қатты жауып кеткенім...
Содан бері дала тұман, үй тұман,
Содан бері баурамайды сиқыр ән.
Жер сілкініп кеткендейін теңселдім,
Оянғандай болып қалып ұйқыдан...
Мінезімде бар асаулық, қайшылық,
Аспанымнан туған кезде ай сынып,
Айқайлағым келді сенің атынды
Арамызда жол жатқандай айшылық.
Өмір – бәйге, бірде қалып, бірде озам,
Болмаса да бірге жүрек, бірге жан.
Туыстасып тағдырымыз, өзгеге
Мен де сендей ғашық болам, жыр жазам...
Бар қызуын құйғандай-ақ жерге күн,
Түлеттің де еркелеттің, тербедің.
Көздеріңе қарап едім, түсті еске
Су бетінен суретіңді көргенім...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өрісім кең, өзгеден өрем бөлек

  • 0
  • 0

Өрісім кең, өзгеден өрем бөлек,
Тіл қатпаймын, естімес кереңге кеп.
Көре алмаған өңімде жақсылықты
Көп ұйықтадым, түсімде көрем бе деп.

Толық

Ойым орман, оранған үміт сағым

  • 0
  • 0

Ойым орман, оранған үміт сағым,
Тентек сезім қайда сол тұнық шағым.
Жанарына әр жанның жаутаңдайды,
Бала мінез баяғы «ұмытшағың».

Толық

Ауысып шуағы мен ашуы әлі

  • 0
  • 0

Ауысып шуағы мен ашуы әлі,
Тербелтіп бар өмірін ғашық әні.
Бойынан бұл әйелдің сан қасиет,
Ана болу арқылы ашылады.

Толық

Қарап көріңіз