Өлең, жыр, ақындар

Өрісім кең, өзгеден өрем бөлек

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 280
Өрісім кең, өзгеден өрем бөлек,
Тіл қатпаймын, естімес кереңге кеп.
Көре алмаған өңімде жақсылықты
Көп ұйықтадым, түсімде көрем бе деп.
Керегі жоқ жағдайдың маған бөлек,
Қолтығымнан жүргендей анам демеп.
Таба аламаған өңімнен бақыт құсын,
Көп ұйықтадым түсімнен табам ба деп.
Көнереді, тіршілік жаңарады,
Сүйген жүрек, жан беріп, жан алады.
Көңілімнің кем-кетік жыртықтарын,
Қара жердің топырағы жамар әлі…
Жан-жүрегім сияқты менен бөлек,
Тербеткендей бесікке өлең бөлеп.
Балалығым сайраған туған жерді,
Көп ұйықтадым, түсімде көрем бе деп.
Жалған дүние, не керек, жалған сабыр,
Ғұмырыма ғұмырлық жалғанса жыр.
Оянбайтын шығармын, Жарық күнім –
Осы ұйқыдан оятып алғанша бір...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсамайды әзілқой жездеге өмір

  • 0
  • 0

Ұқсамайды әзілқой жездеге өмір,
Көп екен ғой сезгеннен сезбегерім.
Біртін-біртін жүректен отыңды ұрлап,
Істейді екен уақыт өз дегенін.

Толық

Туған ауылға

  • 0
  • 0

Үрлей ескен жел ме мынау, самал ма,
Толқын өрген жасыл шалғын даламда.
Күніне мен жүз сүйемін ауылымды,
Көңілімнің құндағына алам да.

Толық

Санамаймын жүрегімнің соққанын

  • 0
  • 0

Санамаймын жүрегімнің соққанын,
Шамалаймын, тіршіліктің жоқ, барын.
Қыранға ұя көргем шыңның басынан,
Қыбырлаған құмырсқалар соқпағын.

Толық

Қарап көріңіз