Өлең, жыр, ақындар

Ауысып шуағы мен ашуы әлі

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 224
Ауысып шуағы мен ашуы әлі,
Тербелтіп бар өмірін ғашық әні.
Бойынан бұл әйелдің сан қасиет,
Ана болу арқылы ашылады.
Тірлікте талай сынға кезігесің,
Жол жүгі жүктелгендей өзіңе шын.
Қадырын тыныштықтың, ләззаттың
Ана болу арқылы сезінесің.
Табаласын, мейлі кім, бағаласын,
Баласыз сынық қанат шағаласың.
Көкірегіңнен мейірім күн шуағын,
Ана болу арқылы төге аласың.
Алмасып қыс пен жазың, көктемің де,
Бала үшін тыным, сабыр жоқ көңілде.
Үстінде қарлығаштай шыр-шыр етіп,
Сезбейсің өміріңнің өткенін де.
Бала үшін тұла бойды бұлақ етем,
Жолдағы бейнетіне шыдап өтем.
Оянған бір балаға махаббатың,
Жалғасып бар әлемге тұрады екен…



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Пенденің сен «кез келген» бірі емессің

  • 0
  • 0

Пенденің сен «кез келген» бірі емессің,
Көз алдымнан кетпейтін тірі елессің.
Досым түгіл, дұшпанға арадағы,
Тартылыстың тағдырын тілемеспін.

Толық

Дүниенің құпия болмыстары

  • 0
  • 0

Дүниенің құпия болмыстары,
Бір-біріне жасайды айналыстар.
Айналғандай мен үшін жырға бақыт,
Тоқта десе тоқтайды кімге уақыт.

Толық

Қол бұлғайды сынап қарап тау маған

  • 0
  • 0

Қол бұлғайды сынап қарап тау маған,
Таулар, таулар, орындарын даулаған.
Ақсақ Темір бола алмадым, дүниені –
Қылышпенен, ұрыспенен жаулаған...

Толық

Қарап көріңіз