Өлең, жыр, ақындар

Арманыма алдағы жол ашқандай

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 310
Арманыма алдағы жол ашқандай,
Талғамыңа таласым жоқ ешқандай.
Менің жыртық көңіліме жарық құйдың,
Жыртық бұлттан көрінген көк аспандай...
Жолға шыққым келмейді сені еске алмай,
Биік қандай, білесің, белес қандай.
Өзіңе ұқсап, басқалар ақылына
Таңдандыра алмайды мені ешқандай.
Жалған жүрек бір кезде суынар ма,
Жылынар ма мұң қосып мұңы барға.
От ойнайды ішімде шың басынан
Түскен сәуле сияқты шыңырауға...
Тұла бойым көктемде тұрады еріп,
Бара жатыр толқынын бұлақ өріп.
Менің жаным жерге ұқсас, түскен дәнің
Күні туса, жарыққа шығады өніп...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Келіншек және бала жігіттің сезім шарпысуы

  • 0
  • 0

Бала жігіт... бусанады жас көңіл,
Өртенеді шыға алмай бір тұманнан.
Түске айналып бара жатты басқа өмір,
Таутекедей тастан тайған тым аңғал!..

Толық

Бір ғашыққа

  • 0
  • 0

Ежелден бір жігіттің сөзі қанық,
Жазады-ау ақ қағазды өрнектеп-ақ.
Шалғайда шала-жансар өзі қалып,
Жүрегін жібереді конвертке орап.

Толық

Елім менің енді шықты «құлдықтан»

  • 0
  • 0

Елім менің енді шықты «құлдықтан»,
Уақыт деген байлаусыз жел, кімді ұққан.
Жерге тамған қан мен тері әкемнің,
Сұрауы жоқ судай болды құм жұтқан.

Толық

Қарап көріңіз