Өлең, жыр, ақындар

Елім менің енді шықты «құлдықтан»

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 214
Елім менің енді шықты «құлдықтан»,
Уақыт деген байлаусыз жел, кімді ұққан.
Жерге тамған қан мен тері әкемнің,
Сұрауы жоқ судай болды құм жұтқан.
Өңешінен өткізген не заманды,
Қасқырға елім қойдай болып таланды.
Көкірегінің көзі ашылмай қараңғы,
Көрден шығып, көрге барып қамалды.
Өмірде бұл, мен түсінбес не қалды?
Елсіз-күнсіз, өмір маған тамұқтай,
Құсаландым, жүрегімді жан ұқпай.
Кең далада ауа жетпей, үн-тілсіз,
Бұлқынамын, торға түскен балықтай.
Тезге салып тағдыр әлі сынар мың,
Сынбай оған шарболаттай шыдармын.
Сұры суық ысылдаған, ысқырып,
Айыр тілін алып қайтем жыланның?
Бүйірге ұрып, бүрістірген түнгі леп,
Күні шықпай, бозторғайым жүр жүдеп.
Ел ішінде мен сөйлейтін бір тіл бар,
Бір кеудемде болғаннан соң, бір жүрек...
Ауырғанда, болар маған дәрі жыр,
(Бір тілімді түсінбеген әрі жүр)
Сен кетерсің...
Өз жерінен қозғалмай –
Елім қалса, мен қаламын бәрібір.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Оттарына оты түсіп көзіңнің

  • 0
  • 0

Оттарына оты түсіп көзіңнің,
Бойыңды сәт, асау құйын, жел жеңді.
Көкірегіңе бастың... тартып сезімнің –
Нүктесіндей, серіппелі кеудемді...

Толық

Өлмегендер

  • 0
  • 0

Өлмегендер –
Тірі кетіп, үйіне келмегендер.
Отан үшін өмірін көктей қиып,
Сүйем жерін жауына бермегендер,

Толық

Тау басындағы тас қыран

  • 0
  • 0

Дауыл үріп қараспанның астынан,
Тығылады құз көзіне жас тұман.
Тұғырда бір тұрып қалған сияқты
Төніп қарап тау басынан тас қыран.

Толық

Қарап көріңіз