Өлең, жыр, ақындар

Қоңырсалқын

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 362
Ән салқын, айналаның салқын бәрі,
Тірліктің алдамайды жарқылдары.
Өмірдің бұрқылдаған қазанында
Қайнаған ойым неге салқындады?
Ой салқын, өмір салқын, сезім салқын,
Сүйіктім, болды сенің көзің салқын.
Жарқылдап жай отындай өте шыкты,
Қас қағым арасында кезім жарқын.
Отты сөз, ыстық жүрек, бәрі салқын,
Өтті кез, бұлбұл құстың әні салқын.
Сәулелі саусағына тағып алтын,
Қарайды қабағымды бағып әр күн.
Қай жерге тұрақтаймын, мекен етем,
Дегенім елім барда бекер екен.
Биіктеп адам ойы өскен сайын,
Біртіндеп салқын тартып кете ме екен.
Дәуірлеп дүрілдеген кезінде әркім,
Сынады сағынышпен төзімді әр түн.
Жалыны жүрегімнің таусылғанда,
От берер туған анам – өзің, халқым.
Өшем деп жер бетінен қиналмаймын,
Кеудеме қызуын бар құйғандай күн,
Салқындық дос көзінен сезе қалсам,
Тарының қауызына сыйғандаймын...
Жатқа да жылуы бар туыстаймын,
Арыма әділеттен ту ұстаймын.
Елімнің маған деген көңілінің
Күнімен, ауасымен тыныстаймын.
Отты сөз, ыстық жүрек, көңіл салқын,
Көктемнен алыстады тоғысар күн.
Үкілі екі ішекті домбыраның
Дауысы естіледі «қоңырсалқын»...
Құрып жүр кайратыма әр күн егес,
Қайдасың, бір көрінші, жарқын елес!
Көңілге ызғар есіп салқындаған
Дүние өзің барда салқын емес...
Ой салқын, сезім салқын, салқын ақыл,
Білуге дүние сырын талпынатын,
Ызғарсыз, көлеңкесіз, тегіс түсер
Тілеймін туған Отан, халқыма Күн!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Баспалдақ

  • 0
  • 0

Алтыда табаныма от бастым да,
Шыр еттім алғашқы ауыр соққы астында.
Тал қармап тағдырыма қарсы ұмтылдым,
Көміліп дөңбекшіген көк тасқынға.

Толық

Мен өзіңді сүймеймін, сүйе алмадым

  • 0
  • 0

Мен өзіңді сүймеймін, сүйе алмадым,
Сүю жайлы тек іштей қиялдадым.
Қолды бір-ақ сілтер ем, бірақ, бірақ
Мен басқаның көз жасын қия алмадым.

Толық

Алданамын, кімге ашылып, сенсем көп

  • 0
  • 0

Алданамын, кімге ашылып, сенсем көп,
Көңіл ауру, бір сөзіңмен берші емдеп.
Адамдардың ортасында жүріп-ақ
Адамды бір сағынамын көрсем деп...

Толық

Қарап көріңіз