Өлең, жыр, ақындар

Түн бойы ысып-өртенем

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 267
Түн бойы ысып-өртенем,
Таппадым соның бір емін.
Оянсам таңда ертемен,
Тұрады ауырып жүрегім.
Шағынам несін досқа мен,
Жүрегімді айтып шаншыған.
Үйренген таңдап ескі әуен
Еңсені езіп жаншыған.
Кешігіп күнім сағынған,
Тонатып ойға күлкіні,
Шаршай ма әлде соғудан
Дамылсыз жүрек күн-түні...
Өтуде өмір өзгерген,
Сырт көзге шапқан аттаймын.
Сөздерден, оқты көздерден
Жүрегімді қайтсем сақтаймын?
Тағдырға қандай кез келгем,
Ешкімге ұнап, жақпаймын.
Сөздерден небір көздерден
Оқ тиген жапырақтаймын!..
Келемін күй ап күнімнен,
Сәттерде толқып, дір еткен.
Құлайтын сияқтымын мен
Аяқтан емес, жүректен!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тірілгенін көрсең ғой тал-құрақтың

  • 0
  • 0

Тірілгенін көрсең ғой тал-құрақтың,
Жүгіргенін көрсең ғой бал-бұлақтың.
Таңымды алып келеді тау басынан
Жарқ-жұрқ етіп алтын жал арғымақ күн!

Толық

Көздерімде күні тұрды аспанның

  • 0
  • 0

Қалған мезгіл болар, бәлкім, таң атып,
Ажал мерген құлатыпты мені атып.
Қос жанары жабылмаған басымды
Таулар жаққа койған екен қаратып...

Толық

Сағыныш

  • 0
  • 0

Туған жер, көрікті жер, ата мекен,
Нұр таңың қалай менсіз атады екен.
Өзіңді шын жүрекпен, қайда жүрсем,
Аяулы Ақсуым деп атап өтем.

Толық

Қарап көріңіз