Өлең, жыр, ақындар

Тірілгенін көрсең ғой тал-құрақтың

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 248
Тірілгенін көрсең ғой тал-құрақтың,
Жүгіргенін көрсең ғой бал-бұлақтың.
Таңымды алып келеді тау басынан
Жарқ-жұрқ етіп алтын жал арғымақ күн!
Өтіп бекер кетіпті-ау қайран уақыт,
Жаныма отыр өкініш ойлар батып.
Кім біледі, өмірдіқ заңы ма екен,
Тартқызатын азабын сайрандатып.
Амалым жоқ, төбені таудай көрем,
(Қайрылмайтын уақыт қандай керең?!)
Өткен күннің олқысын толтыра алмай,
Толқындардай дөңбекшіп аунай берем.
Жан-жүрегім ерегес, майдан алаң,
Қалай бәрін кезінде ойламағам?
Әрекетсіз уақытты өтіп кеткен
Кім қайтарар, білмеймін, қайдан алам?
Бұрынғыдан қарлығып қалыпты үнім,
Түске енбей жүр ақ әжем–жарықтығым.
Жан-дүниемді жайлаған тыныштықтан
Арашалап алсаңшы, шабыт, жырым.
Көктем болып гүлдесе бала көңіл,
Арашалап ажалдан алар елім.
Мен өмірдің өркендеп өсуі үшін,
Рахаты емес, азабын қалар едім.
Өкінішін өтіпті-ау Абай да айтып,
Алыстарды болжатқан абайлатып.
Аққан судай арнасыз өмірімнің
Толтырармын орынын қалай, қайтіп?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бұған дейін шыдадым, шыдап кеппін

  • 0
  • 0

Бұған дейін шыдадым, шыдап кеппін,
Жұлдызынан күн жасап құрап көктің.
Білесің бе, ей дүние! Мен өзіңнен,
Жылап келіп, келмейді жылап кеткім.

Толық

Жамбыл тойы

  • 0
  • 0

Жамбыл десем елестеп тау қыраны,
Дауысымен жартастар жаңғырады.
Жамбыл тойы секілді өлең тойы,
Ал, жігітім, қолыңа домбыраны.

Толық

Шыққан күнім тұңғиыққа батып көп

  • 0
  • 0

Шыққан күнім тұңғиыққа батып көп
Өтпесінші, үнсіз сырғып уақыт тек.
Ей, адамдар!
қайырлы таңда, қайыр ғып,

Толық

Қарап көріңіз