Өлең, жыр, ақындар

Бір қазақты бөлмейікші екіге

  • 03.11.2021
  • 0
  • 0
  • 410
Ескі Одақтың кезінде де бар еді
Елді үш жүзге бөлушілер әлегі.
«Командалық» ғұрып келді бұл күнде,
«Ескі», «жаңа қазақ» туды әлемі.
О, Құдай­ау, әнжүмелеп астарлы,
«Жаңа қазақ» деген дақпырт басталды.
Осал емес отансүйгіш жүрегі,
Қорламайық алдымызда жастарды.
«Жаңа қазақ» – біздер баққан балалар,
Жасөспірім, тілге шорқақ «шалалар».
Бірақ байқа, жаны, таза арымен,
Қазақ үшін қазаға да бара алар.
Пәле жауып,
Жықпайықшы сойылға,
Біл одан да не жатқанын ойында.
Тілге олақ жігіттердің бүгінгі
Бар кінәсі, біл, өзіңнің мойныңда.
Жаппай қалап кеттік орыс мектебін,
Тоқтау салар кім шығарды өктем үн?
Орыстанып кеттік­ау деп осқырсақ,
Оңдап қара ағылшындық жеткенін.
«Ескі», «жаңа» деген ұғым жүрмейді,
Жақтырмаймын ондай іштен үрлеуді.
Кең мінезбен ғибрат, тәлім көрсетіп,
Жетілтейік шорқақ тілін күрмеулі.
Қатыгез дос,
Өзіңе бір қарашы,
Ол да осынау қара қазақ баласы.
Сен гүпініп «Мерседеспен» заулатсаң,
Оның өмірі – жер мен көктің арасы.
Қолың жетсе, кетпе, інім, қатайып,
Өткен күнде жатыр біздің бас айып.
Жас ұрпақты жасқандырмай түзеуге
Шыдамдықпен шын қамқорлық жасайық.

02.08.2003



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ескерткішім ініме

  • 0
  • 0

Тақап қалды сексенге менің жасым,
Жүзге апарар деп жүрмін тегім асыл.
Әттең, дүние­ай, өмірден інім өтіп,
Есік пен төр көрсетті шебін ғасыр.

Толық

Қарағайлар

  • 0
  • 0

Қарағайлар – мықтылық белгісіндей,
Кім түсінер оларды мен түсінбей?
Баян Жанғалов секілді біреуі тұр,
Тұрпатына қайтейін мен сүйінбей.

Толық

Дәулетбай берген «Шалқұйрық»

  • 0
  • 0

Дәулетбай төл баласы Қалдаманның,
Бірі еді Жақсылықта малды адамның.
Тебінде мыңдап жылқы кісінеткен,
Дәл өзі Алла бақыт арнағанның.

Толық

Қарап көріңіз