Өлең, жыр, ақындар

Ескерткішім ініме

  • 03.11.2021
  • 0
  • 0
  • 317
(Сапарғали Салықовқа)

Тақап қалды сексенге менің жасым,
Жүзге апарар деп жүрмін тегім асыл.
Әттең, дүние­ай, өмірден інім өтіп,
Есік пен төр көрсетті шебін ғасыр.
Қапияда жоғалттым бауырымды,
Ерке өскен, ер мінез дауылымды.
Елден жырақ мен жүрсем, ол қорғады
Шаңырақ пен ардақты ауылымды.
Тірлік көркін кең жерде құрушы еді,
Күрт тоқталды өмірді сүру шебі.
Ұя салған қырандай тау басына,
Жар басында Есілдің тұрушы еді.
Көкірегін жоқ еді буған мұңы,
Қыздан жайлау, бар еді ұлдан шыңы.
Ойда жоқта өмірден өтіп кетті
Шөбересі алтыншы туған жылы.
Қапылыста қақ жолда сүрінгендей,
Өліміңе, Сапаржан, жүрмін сенбей.
Саған ұқсас немерең жарқ еткенде,
Селк етемін сен қайта тірілгендей.
Оқыс қаза адамды қинайды екен,
Сұм ажалға мен сені қимай кетем.
Өлеңменен ескерткіш орнатайын,
Онсыз қайғым жүрекке сыймай кетер.

29.08.2009.
Еңбек, Шал ақын ауылы



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Оңбайды ақынды атқандар

  • 0
  • 0

Қыранға оқ жұмсау қатерлі,
Жұмсаған... шын сұмдық әкелді.
Қай мәңгүрт қиды екен ажалға
Адамзат сұңқары Сәкенді?

Толық

Білмейді­ау деп қорқамын...

  • 0
  • 0

Ел байлығын талатқан
Ішінде жүрміз ортаның.
Жалғыз ғой,
Шіркін, Жаратқан,

Толық

Бұлақтың көзін ашқанда

  • 0
  • 0

Тік шатқал етегінде жас құрақтың,
Сыбыры естілмейді тас бұлақтың.
Жан толқып,
Көңіл шалқыр сәт екен ғой,

Толық

Қарап көріңіз