Өлең, жыр, ақындар

Дәулетбай берген «Шалқұйрық»

  • 02.11.2021
  • 0
  • 0
  • 259
Арғын қарауылдың Жақсылық тармағынан тараған Дәулетбай Әбілмансүрге пана болды, жылқыдағы ең жақсы аты «Шалқұйрықты» берді. Сол аттың үстінде ол Абылай атанды.
Шоқан Уәлиханов

Дәулетбай төл баласы Қалдаманның,
Бірі еді Жақсылықта малды адамның.
Тебінде мыңдап жылқы кісінеткен,
Дәл өзі Алла бақыт арнағанның.
Сенеміз көне тарих көп ілімге,
Толқиды дария тасқын көңілімде.
Әйгілі Абылай ханға пана болған,
Көп сыр бар Дәулетбайдың өмірінде.
Шындыққа Шоқан бабаң іңкәр келген,
Айтыпты тарих сырын ұтар жерден:
Жоңғарға Әбілмансұр аттанарда,
Дәулетбай Шалқұйрықтай тұлпар берген.
Жануар әз бітімін мәлім етем,
Жүрісі құйын­желдей ағын екен.
Алтын жал, алтын құйрық көз қаратпас,
Тұлғасы лаулап тұрған жалын екен.
Төрт тұяқ шаң боратар шабысы бар,
Айқаста әр қимылдың мәнісі бар.
Кеуделеп жаудың атын соғып өтер,
Үйреткен Әбілмансұр әдісі бар.
Жүйткісе тік созылар алға басы,
От тұяқ тепсе тиер жарға тасы.
Малдың да ата­тегі, үйірі бар,
Шалқұйрық – Құлагердің арғы атасы.
Шарышқа от жалындай жанып жетті,
Жасқанған жау көзінен бағыт кетті.
Сол кезде Әбілмансұр көк желкеден
Қалмақтың қауға басын қағып өтті.
Күш те мол, ыза­кек те ашындыртқан,
Жас батыр жалауланды затын ұққан.
Шарыштың басын алған Абылайдың
Үстінде Шалқұйрықтың аты шыққан.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мағжанның бір өлеңі

  • 0
  • 0

Үлкен өлең көңіл толар көлемі,
Мағжан аға «Сағындым» атты өлеңі.
Абақтыда Алла сыбыр еткендей,
Бой тастапты бостандықтың елеңі.

Толық

Бурабайдың қара нары екенсің

  • 0
  • 0

Ескісі өтіп,
Қанат жайса тың ғасыр,
Қайырлы інім,
Елді емдегіш мырзасың.

Толық

Келемін ән емн жырдың қанатында

  • 0
  • 0

Бойымда жалыны бар бұлан ердің,
Ойымда ағыны бар Құлагердің.
Шабыста топтан озып алға тартсам,
Келеді сол қалпымда тұра бергім.

Толық

Қарап көріңіз