Өлең, жыр, ақындар

Түлкі заман, тік кетсем, сөкпе мүлде

  • 02.11.2021
  • 0
  • 0
  • 312
Түлкі заман, тік кетсем, сөкпе мүлде,
Өтер бүгін тарихи өкпе кімге?
Абылайын туған ел қайта тапты,
Шек қойдық біз тарихи жек көруге.
Молайтса екен адалдық берекемді,
Мағжанша мақтадық Кенекемді.
Егемендік ел­жұртқа қанат байлап,
Көмекейге оралды: «Бәрекелді!»
Ел ұмытпас көтерсек Абылайды,
Ол ханы ғой қазақтың басыбайлы.
Бағы жанып төрлетсе жаңа қазақ,
Дана қазақ ұмытпан Ағыбайды.
Сынап едің, замана, сынап едің,
Мал соңында майысқақ шыдады елім.
Бізге қарай әдейілеп әкеле бер
Олжа салғыш тарихтың Құлагерін.
Тез жөндейді қираған көпірді кім,
Қаулады ғой, кер заман, нөпір жүгің.
Абылай де, Ағыбай, «А, Құдай!» де,
Таза қазақ төрімде отыр бүгін.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өмір жолым – менің үлкен байлығым

  • 0
  • 0

Өмір жолым – менің үлкен байлығым,
Көз ашқалы көкіректі жарды мұң.
Күлкім кейде көрінеді өзіме
Жыртығындай шапанының жарлының.

Толық

Ескерткішім ініме

  • 0
  • 0

Тақап қалды сексенге менің жасым,
Жүзге апарар деп жүрмін тегім асыл.
Әттең, дүние­ай, өмірден інім өтіп,
Есік пен төр көрсетті шебін ғасыр.

Толық

Дәулетбай берген «Шалқұйрық»

  • 0
  • 0

Дәулетбай төл баласы Қалдаманның,
Бірі еді Жақсылықта малды адамның.
Тебінде мыңдап жылқы кісінеткен,
Дәл өзі Алла бақыт арнағанның.

Толық

Қарап көріңіз