Өлең, жыр, ақындар

Абылай ханның «Ақ үйі»

  • 02.11.2021
  • 0
  • 0
  • 501
Абылай ханның «Ақ үйі» –
Тарихтың тарлан белесі.
Айтылып жүрді тым жиі,
Сағынтып елді төбесі.
Жырына қосты бұл үйді
Үкілі Ыбырай бабамыз.
Содан соң бізге мұң үйді,
Болғандай көпке бәрі аңыз.
«Гәккушіл» ақын атылды,
«Ақ үй» де өшті кешікпей.
Күрсінтті алыс­жақынды,
Күтімсіз қалған мешіттей.
Кеңестің ісі жандайшап,
Кесірін кімдер айта алды?
Санаменен сарғайсақ,
Дербестік бәрін қайтарды.
Елбасына мың алғыс,
Киелі төрді жаңартқан.
Туғандай қайта құмар құс,
Тамсантып елді қаратқан.
Толқыды бітік егін де,
Ақ қайың шексіз орманы.
Шалқыды дала шебінде
Орнатқан Абылай қорғаны.
Зер салсақ, достар, осында,
Тарихқа терең зерттеткіш.
Орнады «Ақ үй» қасында
Абылайға жаңа ескерткіш.
Жадына қанша наз түйді,
Шекара шебі алыстан.
Алатау, Алтай, Каспийді
Көрсетіп тұр данышпан.
Дегендей болды «А, Құдай,
Дұшпанға ызғар, сес берем».
Сиынды­ау сонда әз Абылай
Түркістанға, Көкшемен.
Абылай ханның мүсіні
Президент қостап жетілді.
Тебірентер көрген кісіні,
«Мыс салт атты» секілді.
Сілкінді «Ақ үй» белгі боп
Абылайдай асыл еріме.
Сұқтанып қарау енді жоқ
Телегей­теңіз жеріме.
Қуаныш шексіз халқымда,
Жыр төксем, айтар ән дайын.
Жарқылда жаңа қарқында,
Жайнасын, «Ақ үй», маңдайың!
Ұмытпас талай ғасырлар,
Ұрпаққа үлгі ғұмырың.
Құтты болсын, Қызылжар,
Бүгінгі шалқар дүбірің!

19.10.2007.
Астана



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бибігүл ән салғанда

  • 0
  • 0

Сыңғырлап бұлақ аққандай,
Кербез ән толқып сырғыды.
Жүрекке шырақ жаққандай,
Сайрады қазақ бұлбұлы.

Толық

Композитор достарға

  • 0
  • 0

Жақсы дос сырын түсінем,
Шыңдаған заман сынағы.
Тілегі таза кісімен
Тілдескім келіп тұрады.

Толық

Түлкі заман, тік кетсем, сөкпе мүлде

  • 0
  • 0

Түлкі заман, тік кетсем, сөкпе мүлде,
Өтер бүгін тарихи өкпе кімге?
Абылайын туған ел қайта тапты,
Шек қойдық біз тарихи жек көруге.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар