Өлең, жыр, ақындар

Композитор достарға

  • 04.11.2021
  • 0
  • 0
  • 388
Жақсы дос сырын түсінем,
Шыңдаған заман сынағы.
Тілегі таза кісімен
Тілдескім келіп тұрады.
Сүймеймін сөз бен желбуаз,
Жадағай,
Жайдақ сарынды,
Іздедім әсем,
Сұлу саз
Оятар ойда жалынды.
Сенімді сақтар күдікпен,
Сөнбесін үміт шырағы.
Сөз білер асыл жігітпен
Сырласқым келіп тұрады.
Ән мен сөз жатық қабысқан,
Жарқ етсін жұлдыз жанғандай.
Алыстан аңсап табысқан
Арудан алғыс алғандай.
Жібермес жеңіл сайранға,
Сөнбесін шабыт шырағы.
Ақылды доспен майданға
Аттанғым келіп тұрады.
Майданым –
Өлең өресі,
Елеңдеп
Елім ұққандай.
Үзімтал әнге бөленші,
Үзімін жүрек жұтқандай.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шалғайда құшты қара жер

  • 0
  • 0

Жар басында жапалақ
Өсектесе бүркітті,
Түлкі тыңдап тасалап,
Жасырын қағаз түртіпті.

Толық

Сәлем бердік Шоқанға

  • 0
  • 0

Лүпілін жүрек түсінді,
Тосқандай алда мол мұра.
Сан көрме бірге ұсынды
Бабалар өскен Омбыда.

Толық

Мақтаналық

  • 0
  • 0

Сөзі ғибрат тараған хатта қалып,
Асыл аз ба әспеттер жаттап алып?
Ілиястай Сәкенді қатар жүріп,
Шын сүйсініп, сыйлауға сәт табалық.

Толық

Қарап көріңіз