Өлең, жыр, ақындар

31 декабрь

  • 27.09.2021
  • 0
  • 0
  • 549
Бір календарь бітті-ау тағы жыртылып,
Міне, соңғы парақ қана тұр қалып:
Күздің соңғы жапырағы секілді
уақыттың бұтағында дір қағып.
Келер жылдың есебінен құй бастап,
Жұлам қазір мына жалғыз парақты —
Сағат мұрты бір шалғысын қиғаштап
он екіге қарап тұр.
Теледидар, мультфильм еселе:
екі-үш шыбын пілді оятты тұр-тұрлап,
Піл оянып қаққанша бір құлағын
тағы бір күн айналады "кешеге",
тағы бір жыл — "былтырға".
Жұлынғалы тұр ақырғы бір парақ,
Жапырақтың соңғы демін естідім.
Содан,
Содан жасап салып ұлтарақ
соңғы жолға шыққалы отыр ескі жыл.
Сәт пен сәт тұр тартысып:
Бокалында шарабың бар бір елі,
Жартысын сен биыл іштің,
Жартысы
Келер жылдың есебіне кіреді.
Жоқ екен-ау бөлінбейтін тұтас түк.
Кісілік пен кісілік,
қысастық пен қысастық
бөлінеді уақыт та қас қағым:
Осы жолды келесі жыл бітірем,
Өткен жылы бастадым.
Бір шекесін сәл көтеріп піл тұрды.
Менің жаным, шыбын болсаң — шыға қал:
Алған демді былтырғы
келесі жыл шығарам.
Ей, кеңкелес, саған адам тең келмес,
Мас боп, кенет айыққаның бір түрлі
Мешін жылы көмейіңе төңкер, дос,
толтырылған бокалыңды былтырғы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Орта

  • 0
  • 0

Менің беті-қолымды
Жапырақтың жас сыбдыры дуалы,
Құстың даусы,
Күн шуағы,

Толық

Жартас

  • 0
  • 0

Баяғы мүсін бір қалып,
Тапжылмайсың орныңнан.
Кектендің кімге сұрланып,
Кім екен сені қор қылған.

Толық

Көктем әсерінен (1 басылым)

  • 0
  • 0

Уылжып тұр, күмілжіп тұр бар маңай –
Көктем деген осы екен ғой… арман-ай!
Гүл төсіне қонақтаған көп бояу
Көз шіркінді қояр емес арбамай.

Толық

Қарап көріңіз