Өлең, жыр, ақындар

Орта

  • 27.09.2021
  • 0
  • 0
  • 343
Менің беті-қолымды
Жапырақтың жас сыбдыры дуалы,
Құстың даусы,
Күн шуағы,
Су әні
әлсін-әлсін, әлсін-әлсін жуады.
Судай таза тірлігіме,
Әрі ізгі
бәрібір шаң қонатұғын тәрізді —
жумаса да болатұғын тәрізді.
Шаңырақ-аспан жапқанда бұлт-түндігін,
Шуақсыз да жүріп жатар тірлігім.
Сыңғыраған көк күмісін ақтармай,
бұлақ қатып бауырлаған шақтарда —
уақыт жылжып жатады ғой, бәрібір,
бәрібір ғой, бәрібір ғой, жарығым:
Жапырақ түсіп, бұта қалды,
Жел, әне,
сида ағашты сипалаған болады.
Бәрібір ғой, төгіледі бал-әнім,
Жапырақсыз да сусылдайды қаламым.
"Бесік жырын" айтпаса да, ал, әне,
бапты ананың баласы ұйықтап барады.
Заманына сай туса да талабы
Сайрамаған құстар бізде көп әлі —
Өз ұясын іздемесе — тоңады,
өз бұтасы қураса да — қонады.
Тау ма, мейлі,
әлде көл ме қоғалы,
Жел де өзінің жолдағысын соғады.
Соқпаса да уақыт өтер, бәрібір,
бәрібір ғой, бәрібір ғой, жарығым.
Сырттай көрсең:
бір-біріне қатысы жоқ секілді,
Шығысы жоқ,
батысы жоқ секілді.
Осыларсыз,
осы ортасыз ал, бірақ
өмір сүрем деудің өзі — сандырақ.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Орман

  • 0
  • 0

Сыңсиды, сыңсиды ну орман,
Ну орман – баяғы ну орман.
Кей бұта тым кештеу көгеріп,
Кей бұта тым ерте қуарған.

Толық

Жұмсамаңдар, достарым, дәрігерге

  • 0
  • 0

Жұмсамаңдар, достарым, дәрігерге,
танысқанмын дәрінің бәрімен де.
Дала деген докторға көрінейін,
емделейін одан да барып елге.

Толық

Күн батарда

  • 0
  • 0

...Көгіс тартып тұр безеріп қыр үсті,
Қоя аурудан айықпаған баладай.
Кәрі шыңдар бір-біріне суысты,
Суық сәуле кезіп жүрді жағалай.

Толық

Қарап көріңіз